{metadescription}
Сенімхаттың кез келген түрін нотариуске бармай, онлайн алуға болады
Сенімхаттың кез келген түрін нотариуске бармай, онлайн алуға болады

Сенімхаттың кез келген түрін нотариуске бармай, онлайн алуға болады

Бұдан былай сенімхаттың кез келген түрін нотариус кеңсесіне бармай-ақ, онлайн алуға болады. Әділет және цифрлық даму министрліктерінің бірлескен жобасы алдағы уақытта нотариус арқылы көрсетілетін қызметті үйден де алуға мүмкіндік береді.

Бұрын сенімхатты рәсімдеу кезінде құжатқа қол қою үшін клиенттің кеңсеге келуі талап етілетін. Енді ол үшін цифрлы қолтаңба мен Егов қосымшасы болса жеткілікті.

Ақмарал Макеева, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы:

- Егов мобайл қосымшасына кіріп және нотариусқа бейнебайланыс арқылы сенімхат рәсімдеуге болады. Яғни бұл сізге де, нотариусқа да өте ыңғайлы. Негізі бұл процеске нотариустар тікелей қатысады. Бейнеқоңырау шалу арқылы нотариуске хабарласасыз. Нотариуспен тікелей бейнебақылау арқылы әңгіме жүргізіледі. Сіздердің міндеттеріңізді, құқықтарыңызды, әрекетке қабілеттіліктеріңізді тексереді.

Жаңа қызмет түрі халыққа да, нотариустарға да қолайлы дейді жоба авторлары. Қызмет онлайн форматқа ауысқанымен, құны сол күйі, заңмен белгіленген мөлшерде. Нотариус ақысын клиент банк қосымшасы арқылы онлайн төлей алады.

Ал цифрлы сенімхаттың қағаз нұсқасы кез келген мекемеге жарамды. Күні кеше іске қосылған онлайн қызметті бір күнде 16 адам қолданып үлгерген. Қазақстан нотариат қызметін цифрлық форматқа ауыстырған әлемдегі үшінші мемлекет.

Райгүл Мәдиева, нотариус:

- Мұндай онлайн жұмысқа көшу нотариустарды жұмыссыз қалдырмайды. Себебі, осы құжаттарды нотариус өзінің қолтаңбасы арқылы куәландыруы керек. Нотариус қолтаңбасы арқылы куәландырмаса, ондай құжат жарамсыз болып табылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде