{metadescription}
Қосшы тұрғындары мектеп асханасына шағымданып отыр
Қосшы тұрғындары мектеп асханасына шағымданып отыр

Қосшы тұрғындары мектеп асханасына шағымданып отыр

Асханадан басталған айқай. Астана іргесіндегі Қосшы қаласы тұрғындары мектептің асханасына көңілі толмай отыр. Өйткені оқу жылы басталғаннан бері балалары шала піскен тамақтан бірнеше рет ұшынған.

Әлеуметтік желіде тараған видео отқа май құйғандай болса керек. Онда аспаздардың лас әрекеті түсіп қалған. Бірақ асхананы жалға алған кәсіпкер мұны "аяқтан шалу" деп санайды. Оның себебі де бар екен. КТК арнасының тілшісі тараптарды тыңдап, мәселенің мән-жайын анықтап қайтты.

Қосшы қаласындағы №2 мектептің оқушылары «тамағы құнарсыз» деп шағымданады. Бірінші сыныпта 669 оқушы тегін тамақтануға құқылы. Алайда басым көпшілігі бұл жерден тамақтануға үзілді-кесілді қарсы. Ата-аналар балаларының осы тамақтан ұшынғанын алға тартып дау көтерген.

Даудың басы аталмыш видеодан басталды. Жүзін жасырған асхананың қос қызметкері бірінің ішіліп-желінген тамағы мен сусынын екіншісіне құйған. Асхананы бірнеше жыл қатарынан жалға алған кәсіпкер бұл бұрын істеген жұмысшылардың әдейі іістеген әрекеті дейді.

Нейла Дүйсенова, кәсіпкер:

- Видеода айтқандай, «жылытып береді екен», «ертесінде соны береді екен» деген әңгіме өтірік. Бес күнде бес түрлі мәзір. Екі ааспаз бар. Біреуісі еркін мәзір дейміз, ол мұғалімдерге, жоғары сынып оқушыларына. Тағы бір аспаз бар, ол балалар аспазы.  

Алайда қос аспаз 5 мың оқушысы бар үш аусымды мектепті тойдырып үлгермейтін болса керек. Асқазанымызға жол таппағандықтан, тамақты үйден әкеліп жейміз, не аш жүреміз деп жауап қатты оқушылар.

- Пицца кеуіп қалған, ірімшіктің дәмі біртүрлі. Мерзімі өтіп кеткен. Самсаның ішінде ет аз.  Тамақты өзімізбен ғана алып келеміз.

Ақбөпе Бақыт, көпбалалы ана:

- Тамақ алуға келгенде, мысалы, қыздарға «келесі жолы кел» немесе «күте тұр» деп дөрекі сөйлейді. Ал біз келіп көрейік десек, олар көрсетпейді. Сол баяғы қалпында келе жатыр. Жалға беруші бұрыннан келе жатыр. Ауыстыратын ойы да жоқ.

Ата-аналар осылайша мектеп әкімшілігі мен асхананы жалға алушының ым-жымы бір деп күдіктенеді. Бірақ мұны директор жоққа шығарды. Қазанға түскеннен бастап, оқушының алдына келгенге дейін тамақ бақылауда деп сендірді ол.

Оксана Раева, мектеп директоры:

- Біздің жалға берушіміз мектептің ашылған, 2013 жылдан бастап балаларды тамақтандырады. Күн сайын біздің мектептің мейірбикесі мен әлеуметтік педагог және комиссия бақылайды.

Жергілікті білім бөлімі де ешбір арыз-шағым түспеді деп отыр. Өрескел кемшіліктер табылмағандықтан, жалға беруші де жылдан-жылға еш кедергісіз жұмысын жалғастырып жатыр.

Қанат Ахметов, Қосшы қаласы білім бөлімінің басшысы:

- Өткен жылы байқау өткізілді. Бұл кісі заңды түрде өткізіліп отыр. Атааналарға түсіндіріп айттық. Күнделікті ол кісілер мектепке келген уақытта асханаға кіріп, ол кісілер жағынан да, өз тарапымыздан бақылау жүргізіледі. Барлығын бақылауда ұстаймыз.

Дауға айналған видеоның авторлары, яғни асхананың бұрынғы екі қызметкерінің үстінен жеке кәсіпкер арыз жазбақшы. Ал асханаға әрең кіріп, оның жай-күйін көрген ата-аналар жағдай реттелмейінше, мұнда аттап баспаймыз деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде