Ақтөбеде бірнеше ықшамаудан газсыз қалған
Ақтөбенің бірнеше ықшамауданы кешелі бері газсыз отыр. Қаланың қақ ортасындағы құбыр тесіліп қалған. Тұрғындар көгілдір отынның жоқтығынан ас-суын әзірлеу қиын болып жатқанын айтады.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.04.2023
Зоя Құттыбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Газға үйреніп қалдық, шынын айту керек. Газ болмай тұр. Қазір де жоқ газ. Қиналып кеттік, балалар сабаққа барады, тамағын пісіру керек. Не істейміз? Білмеймін.
Орталық құбырдағы ақаудың кесірінен 500-ден аса жер үй мен 80 көпқабатты тұрғын үй және 30-дан аса коммерциялық нысан газсыз қалды. Тамақ пісіруге тұрғындар ғана емес, орталық көшелердегі мейрамхана, дәмханалар да қиналып отыр. Газ шаруашылығына жауапты мекеме жұмысшылары кеше кешке орталық көшелерді жағымсыз иіс алып кеткенін айтады. Жер астымен өтетін желіні тексергенде құбырдың тесілгенін анықтаған. Оны жөндеу үшін газ беруді толық тоқтатудан басқа амал қалмады дейді жауапты мекеме өкілдері.
Жомарт Батырбай, «Қазтрансгазаймақ» АҚ АӨФ бөлім басшысы:
- Жоспармен тексергенде желіні тесерушілер аталмыш газ құбырын қарап жүргенде иісін сезген. ПП-112 шоғырлануын анықтағаннан кейін апат қызметне хабар беріп, бригада жіберіп, жұмысты бастап кеттік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!