{metadescription}
Ақмола облысында жер дауы ушығып барады
Ақмола облысында жер дауы ушығып барады

Ақмола облысында жер дауы ушығып барады

Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны таяп қалған шақта жер дауы ушығып барады. Зеренді ауданының әкімдігі 30 мың гектар алқапты иеленіп келген «Зеренді-астық» Серіктестігінің жерін басқа бес шаруашылыққа теңдей бөліп берген.

Өзара текетірес осыдан кейін басталды. Енді жергілікті шенеуніктер көктемде егінді кім себетінін білмей бас қатырып отыр.

Күлтөбенің басында күнде жиын. Өткен күзде басталған Зеренді ауданындағы жер дауы әлі шешілетін емес Өздері шаруашылық құрып, ауылдың жағдайын өзіміз жасаймыз деп жүргендер сол жердің бұрынғы үлескерлері. 2003 жылы «Зеренді-астыққа» үлестерін беріп, енді айнып қалып отыр. Өйткені компания жағдайымызды жасамады дейді. Сондықтан, сырттан келетін Серіктестіктен бас тартып, істі өз қолына алмақшы.

Сайын Қожахметов, Қызылегіс ауылының тұрғыны:

- Бұл жерде әрісәрі болып тұрмыз.Халықтың жағдайы да, көңіл күйі жақсы емес. Шамамыз келгенше егістікке Серіктестікті жібермеуге тырысамыз. Біз өзіміз себуге әзірленіп жатырмыз. Құжаттарымыз да дайын. Ары қарай не боларын білмейміз. Жаппай жалға берген жерімізді қайтарып алуымыз керек.

Құжаттарын реттеп, бес бірдей шаруашылық құрып алған бес ауылдың жұрты қайтсек те жерімізді ешкімге бермейміз деп отыр. Енді бірер аптадан кейін көктемгі егіс науқаны да басталады. Ал 24 жыл бойы астығын сеуіп, дәнін жинап келген ірі компания да оңайлықпен берілмеуге бекінген.

Қызылегіс, Қошқарбай, Үлгілі, Айдабол, Қарсақ ауылдарының белсенді азаматтары шаруашылықты өз қолына алған. Себебі соңғы жылдары ел де, жер де тозып кетті дейді. Ал Серіктестік 20 жылдан бері малмен күнелтіп отырған тұрғындарына жем-шөп пен ақшалай көмек көрсеткенін айтады. Тіпті жолды қардан тазартып, түрлі іс шараларға ат салысып келдік дейді.

Сергей Бесштанько, «Зеренді-астық» ЖШС ресми өкілі:

- Әкімдік қаулы шығарып, біздің құқығымыздағы жерді басқаға беріп, заң бұзып тұр. Алдымен бізбен келісімшартты бұзып, жерді иелену мүмкіндігімізден айыру керек еді. Енді бір жерге екі құжат беріп тұр ма сонда? Қазір барлық заңдылық Серіктестік жағында. Олар алдағы науқанға кедергі келтіруі мүмкін ғой.

Серік Исаханов, Зеренді ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

- Бұл жерге кім себеді деген сұраққа жауап беру өте қиын. Сот ісі жүріп жатыр.«Зеренді» астықты өзі сепкенмен, күзге дейін сот шешімі шығуы тиіс. Сот шешімі қай жаққа шығатыны белгісіз. Мүмкін жер үлескерлерінің пайдасына шықса, «Зеренді астық» ЖШС салған егістігін ала алмауы мүмкін.

Қазір қос тарап та тартысқа түскен егіс алқабына «дән себеміз» деп дайын отыр. Десе де шаруалар өзара қырқысып жүргенде, көктемгі егіс науқанынан кешігіп қалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.