{metadescription}
Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізуі мүмкін

Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізуі мүмкін

Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізуі мүмкін. Шекарадан өткен соң, Қытай аумағында біздің азаматтардың 30 күнге дейін емін-еркін жүруіне болады. Мұндай ереже еліміздің аумағына келген қытайлықтарға да қатысты.

Үкімет қаулысының негізінде сыртқы істер министрлігі дайындаған құжатта екі елдің азаматтары туризм, емделу, транзит немесе іскерлік кездесу мақсатында көрші мемлекетте 30 тәулікке дейін болуды жоспарласа, виза рәсімдемеуге құқылы. Ал одан ұзағырақ қалғысы келсе, сапарды жоспарлау кезінде визаға өтініш беруге тиіс.

Екі ел арасындағы келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамыр айының 18-19-ына жоспарланған Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қою көзделген. Ал құжаттың мәтіні электронды үкіметтің сайтында 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.