{metadescription}
Татарстанның Жоғарғы соты Ильназ Галявиевті соттады
Татарстанның Жоғарғы соты Ильназ Галявиевті соттады

Татарстанның Жоғарғы соты Ильназ Галявиевті соттады

Мектепте атыс шығарып, 9 адамды мерт қылған қаскөй енді қалған өмірін темір торда өткізеді. Бүгін Татарстанның Жоғарғы соты Ильназ Галявиевқа осындай үкім кесті. Сотталушы қатаң тәртіптегі түзеу колониясына аттанды. Әрі 200 мың рубль айыппұл төлеуге тиіс.

Қанды қылмыс 2021 жылы 11 мамырда Қазан қаласындағы №175 гимназияда болды. Қару асынып кірген Ильназ Галявиев білім ошағында жарылыс жасап оқ жаудырған. Жеті бала мен екі мұғалім оққа ұшып ажал құшты. Тағы 24 адам ауыр жарақаттанды. Оқиға орнында ұсталған сол мектептің түлегі болған қылмыскерге психо-неврологиялық бірнеше сараптама тағайындалып, екі жылға жуық уақыт тергеу жүргізілген. 21 шілдеде Мәскеудегі Сербский атындағы орталық Галявиевті қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болмаған деп көрсеткен. Алайда тергеу комитеті бұл шешіммен келіспей,

Санкт-Петербордағы  №6 психиатриялық ауруханасында тексерістен өткізген. Сөйтіп қаскөй мектепке шабуыл кезіндегі әрекетін түсініп істегенін мойындайды. Яғни сотталушы деструктивті діни ағымның жетегінде жүріпті. Айта кетейік, іс бойынша мектепте болған 667 адамның барлығы сотта жәбірленуші болып танылған. Солардың 139-ы жарылыс кезінде жарақат алып, кейбірі мүгедек боп қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.