Астана әуежайының маңайында өрт болды
Астанада әуежайының маңында бүгін қамыс пен кепкен шөп өртеніп, маңайды қою түтін басты.
Автор: Мерей Қалиасқар
13.04.2023
Төтенше жағдайлар департаментіне тілсіз жау туралы хабарлама түсте жетіпті. Өрт сөндірушілер жеткенше жалын 3 гектар аумаққа таралып үлгерген. Оған, ұйытқи соққан жел себеп. Жанған шөптің түтіні будақтап, бірнеше шақырым жерден де байқалды. Дегенмен, әуе қатынасына кедергі келтірмеген. Ал жалынның неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
Аягөз Фазылова, Астана ТЖД ресми өкілі:
- Ол жерде қазір біздің бес техникамыз және жеке құрамнан 40 адам өрт сөндіріп жатыр. Әкімшіліктен төрт су машинасы жіберілді. Әуежайға төнетін еш қауіп жоқ. Өрттен зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!