Үндістаннан әкелінген 54 мыңнан астам қорап дәрі-дәрмек тәркіленді
Алматы кеденінде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмектің ірі партиясы тәркіленді. 54 мыңнан астам қорап Үндістаннан жеткізіліпті.
Автор: Салтанаат Шырынхан
13.04.2023
356 келі тартатын препараттарды пысықайлар елімізге Жетісу кеден бекетінен құжат бойынша биологиялық белсенді тағамдық қоспа ретінде өткізбек болыпты. Алайда кедендік сараптама барысында бұл тауардың дәрілік зат және емдік мақсатта қолданылатыны анықталды. Олардың жалпы құны 43 миллион теңгеден асады. Мемлекеттік бюджетке келтірілген шығын 5,2 миллион теңгені құрап отыр.
Айжан Бекеева, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыс және байланыс орталығы басқармасының басшысы:
- Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының ісәрекеті ҚР ҚК 234-бабында көзделген экономикалық контрабанда. Осыған байланысты материал Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!