{metadescription}
Туризм: Елімізге келетін шетелдіктер саны 8 миллионнан асқан
Туризм: Елімізге келетін шетелдіктер саны 8 миллионнан асқан

Туризм: Елімізге келетін шетелдіктер саны 8 миллионнан асқан

Қазақстанға келетін туристердің тау мен табиғаттан бөлек, теңіз бен тарихи-мәдени орындарға да қызығуы едәуір артқан. Өткен жылы елімізге табан тіреген шетелдіктердің саны 8 миллионнан асып, рекорд көрсеткішке жетті.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр сырт мемлекеттен келген қонақтар көп уақытын Маңғыстау облысында өткізіпті. Қарт Каспийдің жағасында 41 мыңнан астам өзге елдің азаматы кемі бір аптадан 12 күнге дейін болған. Туристер көп баратын қалалардың тізімінде Алматы мен Астана да бар.

Жер астындағы Бекет ата мешіті, Шерқала, Қарақия ойпаты, Бозжыра шатқалы. Соңғы жылдары шетелдік туристердің Маңғыстау облысының табиғаты мен тарихи орындарына деген қызығуы артқан. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр сырт мемлекеттен келген меймандар көп уақытын осы өңірде өткізіпті. Аталған аймаққа келгендер кемі бір аптадан он екі күнге дейін тұрақтайды екен. Қарт Каспийдің жағалауындағы демалыс орындары мен қонақ үйлердің бағасы қымбат. Бірақ шарықтаған баға туристерге кедергі емес сыңайлы. 

Айнагүл Қоңырбаева, қонақ үйдің маркетинг менеджері:

Осы жылдың наурыз айында біз Иран мемлекетінен шамамен 300 қонақты қарсы алдық. Өткен жылы бірінші чартер рейс Уфадан болатын болса, осы жылы Тегераннан бірінші чартер Ақтау қаласына ұшып келді. Бұл бізге тарихи оқиға. Қазақстанда ондай болмаған. Осы жазда тағы да көп қонақ күтіп отырмыз.

Шетелдіктер көп баратын қалалардың тізімінде Алматы да бар. Экотуризмі дамыған алып шаһарға 2022 жылы 400 мыңнан астам туристің табаны тиіпті.

Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау-шаңғы курортынан бөлек, демалушылар Алматы мен Жетісу облысының тұмса табиғатын көруге асығады. 

Шомылу маусымында Алакөлге ат басын бұратын қонақ та көбейген. Өткен жылы елімізге келген туристердің жалпы саны 8 миллионнан асып рекордқа  жетіпті.

Ернұр Кенжебек, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы:

Өткен жылы бізде тағы да рекорд орнатылды. Ішкі турист саны 8 млн 600 мың адам тіркелді. Ол жаңа рекорд. Оған қоса турсит қабылдай алатын демалыс орын саны ұлғайып келеді. Мысалы, өткен жылы жаңадан 300-ге жуық қонақ үй ашылды деуге статистикалық негіз бар. Өткен жылы тек сол орналасқан орындарынан тапқаны 180 млрд теңгеден асады екен.

Алайда отандық туроператорлар инфрақұрылымды әлі де дамыту керек деген пікірде. Жол, дәретхана мен интернеттің жоқтығына шетелдік саяхатшылар жиі шағымданады екен. Сала мамандары елдегі кей демалыс орындарының бағасы қызмет көрсету сапасына сай емес дейді.

Дмитрий Кручинин, туристік компанияның менеджері:

- Жыл өткен сайын инфрақұрылым дамып келеді. Алайда осы салада шешілмеген мәселе жетерлік. Мәселен, Шарын шатқалында дәретхана жетіспейді. Ол жерде қонақ үйлер де жоқ. Туристер жол азабын тартатыны жасырын емес. Демалыс аймақтарына апаратын кей жолда жарық жоқ. Интернеттің жылдамдығы тарихимәдени орындарда өте баяу. Сосын демалыс орындары бағаны негізсіз көтереді.   

Расыменде, бізде ішкі туризм қымбат. Мәселен, Бурабай курорт аймағынан гөрі, шетелде демалған арзан.

Астана іскерлік туризмнің орталығына айналған. Маңызды халықаралық жиындар, түрлі конференциялар мен іскерлік кездесулердің көбі елордада өтеді. Былтыр бас қаламызға келген турист саны 238 мыңнан асып жығылған. Мамандар еліміздің мәдениеті, салт-дәстүрі және тарихымен танысу үшін арнайы ат арылтып келетін шетелдіктердің үлесі бұрынғымен салыстырғанда едәуір артқанын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде