{metadescription}
Ұлытау облысында зейнетақы мен жәрдемақы ұрлап келген мекеме басшысы ұсталды
Ұлытау облысында зейнетақы мен жәрдемақы ұрлап келген мекеме басшысы ұсталды

Ұлытау облысында зейнетақы мен жәрдемақы ұрлап келген мекеме басшысы ұсталды

Ұлытау облысында әлеуметтік мекемеде тұратындардың зейнетақы мен жәрдемақысын жымқырған мекеме басшысы қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, ол ұжымдағы қызметкерлермен бірлесіп, зейнеткерлер мен мүгектерге тиесілі 12 миллион теңгені қолды қылған.

Оңай олжа көздеген топ мүшелері сұраушысы мен іздеушісі жоқтармен жең түре айналысқан. Жарымжандар мен әлі кеткен қариялардың банк қарталарын өздері ұстаған. Сол арқылы ай сайын мемлекеттен түсетін қаржыны қалтаға басып отырыпты. Күдіктілердің үйін тінту кезінде жәрдемақы мен зейнтақы төлемдерінен түскен 800 мың теңге тәркіленді. Оны растайтын төлем түбіртектері мен банк карталары да табылған.

Тергеу барысында күдіктілер тарапынан тергеуге барынша кедергі жасалған. Сондықтан құзырлы орган өкілдері топқа жекетшілік еткен әлеуметтік мекеме басшысын қамауға алуды сұрапты.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот екі айға қамауға алу туралы бұлтарпау шарасы санкциясын берді. Қазір 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі аляқтық бойыынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде