{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе: Батыс-2 ықшамауданындағы мектепке оқушылар сыймай жатыр

Ақтөбе: Батыс-2 ықшамауданындағы мектепке оқушылар сыймай жатыр

Ақтөбелік ата-аналар мектепке баратын баласын мектепке тіркей алмай жүр. Өйткені жүз мыңға жуық тұрғыны бар Батыс-2 ықшамауданында мемлекеттік екі-ақ білім ошағына оқушылар сыймай жатыр.

Гүлжанат Жұмағалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Мектеп қарастырылмаған. Мемлекеттік мектеп керек. Ең құрығанда мемлекеттік мектеп салынғанша, міне, мұрнымыздың ұшында тұр, тереземізден көрініп тұр. Осы мектепке осы жердің балаларын тегін оқытса, бастауыштың балаларын. Бізге қиын болды.

Ел бойынша бірінші сыныпқа құжат қабылдай бастағанына небәрі екі апта ғана болды. Ал Батыс-2 ықшамауданы тұрғындарына осындағы мектептерге оқушы қабылдау тоқтатылғаны туралы хабар келген. Енді мұндағылар бастауышты баламыз қайда оқиды деп алаңдап отыр. Ал жақын маңдағы жекеменшік білім ошақтары айына 75-80 мың теңге сұрайды. Мұндай ақшаға оқушыны мектепке бергеннен, университетте оқытқаным артық деп ашынады ата-аналар.

Мемлекеттік қос мектепке оқушы сыймай, үш аусыммен оқып жатқанын Білім басқармасы жақсы біледі. Орын тапшылығын жою үшін жаңадан екі мектеп салынбақшы екен. Оның құрылысы енді басталады дейді шенеуніктер. Оған дейін бастауыш сынып оқушыларын көрші ықшамаудандағы орта мектептерге автобуспен тасымалдап оқытпақшы.

Меткүл Қосымбаева, Ақтөбе білім бөлімінің басшысы:

Биыл құрылыс басталады. Батыс үштен екі мектеп салынғалы жатыр. Біреуі екі мың орындық, кәдімгі мемлекеттік мекеме және екіншісі тоғыз жүз орындық. Оған дейін балалар, ол бір жыл. Енді бірінші мектепке тасымалдау арқылы баруға болады. Автобус шығады. Тасымалдау арқылы кәдімгі мектеп автобусы шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.