{metadescription}
Ақтауда дәрігерлер ауызашарда жаппай уланып, науқас қарайтын маман жетіспей жатыр
Ақтауда дәрігерлер ауызашарда жаппай уланып, науқас қарайтын маман жетіспей жатыр

Ақтауда дәрігерлер ауызашарда жаппай уланып, науқас қарайтын маман жетіспей жатыр

Ақтаудағы ауруханаларда науқас қарайтын дәрігер жетіспей жатыр. Себебі ауызашарда уланған дәрігерлер әлі жұмысқа шықпаған. Сондықтан әріптестерін жоқтатпас үшін өзге дәрігерлер жүктемемен жұмыс істеп жатыр дейді жауаптылар. Ал уланған 16 дәрігер бұзылған палаудан ұшынды деген болжам бар. Себебі, тамақтан қышқыл дәм сезген.

Индира Атажанова, пульмонолог:

- Дәрігерлер конференциясына келіп едік. Біліктілігімізді жетілдірге.Соның арты ауызашар берейін деп шақырған. Ауызашардан кейін үйге барып ауырып қалдық. Көбісі жалпы тәжірибе дәрігерлері. Оларды отбасылық дәрігерлер деп те атайды. Әрқайсысында 1500 адам есебінде тұрады. Сол 1500 адам қараусыз қалды деп айтсақ болады.

Дәрігерлердің жаппай улануы ауызашардан кейін болған. Отырысқа әртүрлі мекемеде жұмыс істейтін 50 шақты дәрігер шақырылған. Соның 16-сы астан уланған. Он адам қазір ауруханада жатыр. Қалған алтауы үйіне жіберілген. Ұшынғандардың арасында пульмонолог пен гинекологтар да бар. Әрқайсысына қала, аудан бойынша барлығы жүздеген емделуші бекітілген. Осы жағдай оларға ғана емес, мыңдаған адамдарға да қолайсыздық туғызып отыр.

Бердібек Саралтаев, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Қорытындысы зертханаға тапсырылды. Асханадан тамақ, шикі тамақтан басқа қоршаған ортадан алынған судан, сосын науқастардың зертханалық нәтижесі әлі шыққан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде