{metadescription}
Жат ағым: 7 жасар қыз Сириядан елімізге қайтарылды
Жат ағым: 7 жасар қыз Сириядан елімізге қайтарылды

Жат ағым: 7 жасар қыз Сириядан елімізге қайтарылды

Жеті жасар қыз Сириядағы соғыс аймағынан елге қайтарылды. Жат ағымның жетегінде шекара асқан содырдың қызын Қазақстанға қайтару операциясы жарты жылға созылған.

Люлю бір жаста болғанда анасы қайтыс болса, әкесі басқа әйелімен 2019 жылы Қазақстанға қашып кеткен. Қаршадай қыз төрт жыл бойы жат жерде бөтен адамдардың қолында өсіпті.

Бүлдіршінді елге алып келуге Түркияның мемлекеттік органдары жәрдемдесіпті. Қазір Люлю есімді қыз бала Астанадағы балаларды қолдау орталығына орналастырылған. «Психологиялық жағдайы қанағаттанарлық. Медициналық тексеруден өтуде», - дейді мамандар. Сондай-ақ жақын арада туыстарының қамқорлығына берілмек.

2019 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" арнайы операциясы аясында қақтығыс аймағынан кәмелетке толмаған 518 баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Қазақстанға қайтарған болатын.

Еркебұлан Сәпиев, ҚР Түркиядағы елшісі:

- Түрік мемлекеттік органдарымен, оның ішінде ішкі істер министрлігімен, көші-қон полициясымен бірге, жұмыс істедік. Және де осы жұмыстар нәтижесінде Сириядағы босқындар лагерінде бір қызымыз табылды. Әрине, ол жұмыс оғай болған жоқ. Біздің бауырлас түрік тарапымен тиісті келіссөз жүргізілді. Олардың көмегімен қызымызды Сириядан алып келдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде