Павлодар облысында 200 гектар орман күлге айналды
Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватынан шыққан өрт ресейлік құтқарушыларды да аяғынан тік тұрғызды. Өйткені Байымбет пен Первомай орман алқабынан тұтанған тілсіз жау, сол елдің тал-дарақтарын да жайпап барады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.04.2023
Қазақстандық құтқарушылар әріптестеріне көмек қолын созу үшін шекара асуға әзір болған. Бірақ ондағылар жәрдемнен бас тартыпты. Өрт кеше тұтанған. Содан бері «Ертіс орманы» қызметкерлері мен төтеншеліктердің жамбасы жер иіскемеді. Жалпы саны 150-ге жуық адам жалынмен алысып жатыр. Өртті сөндіруге 30-ға жуық техника жұмылдырылған. Мәліметтерге сүйенсек, 200 гектар орман күлге айналған. Жан-жануарлар шығыны жоқ. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.
Оразбек Уәлиханов, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығы:
- Қазір Байымбет орманшылығы бойынша өрт толығымен жойылды. Соның басында орман қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!