{metadescription}
Ауа райы: Қар жауып, үсік жүреді
Ауа райы: Қар жауып, үсік жүреді

Ауа райы: Қар жауып, үсік жүреді

Қар жауып, үсік жүреді. Синоптиктер елімізге 15-17 сәуір күндері Қара теңіз аймағы мен Скандинавия түбегінен суық циклон келе жатқанын айтады. Яғни суық пен жылы ауа ағымдарының қосылуынан күн райы бұзылады. 

Суық ауа ағымының әсері республикамыздың солтүстігінде қатты сезіледі. Онда қар жауып, жел тұрады. Батыста қар аралас жауын-шашын болып, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін. Тұман түседі.

Ал оңтүстікте күн күркіреп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде. Сондай-ақ республиканың барлық аумағында екпіні секундына 30 метрден асатын жел соғады.

16-17 сәуір күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында түнде үсік шалады. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" өз бөлімшелерін тәулік бойы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіргендерін мәлімдеді. Яғни кезекшілікке 500 арнайы техника мен 700 маман жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде