Web-Хакатон: IT саласының жұлдыздары анықталды
Бүгін елімізде IT саласының жұлдыздары анықталды. Web-Хакатон деп аталатын байқау оқушылар арасындағы ең үздік ІТ мамандарының басын қосты.
Автор: Әзиза Төленби
14.04.2023
Бұл жарысқа жыл сайын 14-17 жас арасындағы жасөспірімдер қатысады. Биыл оның саны 500-ге таяды. Солардың ішінде тек 41-і ғана финалға өтті.
Қанат Ысқақов, ұйымдастырушы:
- Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең онлайн болды. Қатысушыларға тапсырманы орындауғаа 72 сағат берілді. Олар сайт құру жөнінде немесе дизайн бойынша тапсырма орындады. Сөйтіп төрт талап бойынша ең көп ұпай жинаған он баланы Астанаға шақырттық. Олар финалда қазыларалқасының алдында өз жобасын қорғады.
ІТ саласына қызығып жүрген балаларға әртүрлі тапсырма берілген. Қатысушыларға сайт ашу, веб-сайттарды безендіру, дизайнерлік шеберлікті көрсету сияқты тапсырма берілген. Мұнда таңдалған баланың бәрі талантты дейді ұйымдастырушылар. Олардың көбі ІТ жүйеде жұмыс істеуді кәсіби түрде оқып, айналысып жүр. Бірнеше жылдан кейін өз стартаптарымен жаңа жоба әкелетініне сенімді. Web-Хакатон байқауына жасөспірімдер арасында жыл сайын қызығушылық танытып жатқандар аз емес.
Аружан Амангелді, қатысушы:
- Хакатон ол менің мақсаттарыма, білесіз бе, қолдау сияқты болып келді. Менің ұстазым мектептегі информатика пәні ұстазы осы Web-Хакатонға қатысып көр деп айтқан. Үш күннің ішінде бірінші, екінші күні осы сайттарды жасап-жасап, үшінші күнде ой маған ұнамай қалды деп, оны қайтадан үшінші күнге бәрін ауыстырып жібердім. Бірақ сонда да өтіп, осы финалға келіп тұрмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!