{metadescription}
Өңірлердегі қарлы бораннан жол апаты жиілеп, электр желілері үзілген
Өңірлердегі қарлы бораннан жол апаты жиілеп, электр желілері үзілген

Өңірлердегі қарлы бораннан жол апаты жиілеп, электр желілері үзілген

“Сәуір болмай, тәуір болмайды” деп, көктемнің шуақты күндерін асыға күтіп жүргенде, қыс қайта оралды. Еліміздің бірнеше өңірінде қалың қар түсіп, алай-дүлей боран болып, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауды.

Қарағанды облысында жолдар көк мұзға айналып, жол апаты жиілеген.

Ал Ақтөбе облысында боран соғып, дүлей  дауылдан электр бағаналары құлап, 50 шақты ауыл жарықсыз қалды. Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылып, түнде 20 градусқа дейін суытты.

Ақтөбе облысында екі күн қатарынан ақтүтек бораннан жолдар жабылып, қатынас тоқтады. Жолда қалған он шақты көлікті құтқарушылар діттеген жеріне жеткізіпті. Облыс орталығында көктайғақтан жол көлік апаты көбейген. Жер қарайып жаз шықты деп ерте қуанған жүргізушілер қыстық доңғалағын ауыстырып тастағаны да себеп болды. Қазір бұл өңірде елуден аса ауыл жарықсыз отыр. Дүлей дауыл электр бағаналарын құлатып, желілерді үзіп кеткен. Мұндағы желдің екпіні секундына алпыс метрге дейін жетті.

Нұрберген Бекеев, Ақтөбе облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Қыста ондай қатты жел болған жоқ. Мына бесқонақ кезінде өте қатты жел болды. Кәдімгі алпыс метр секундқа шейін. Көп елдімекендерде діңгегн алмастырғанмен, сым ілу мүмкін болған жоқ, жел қатты болғандықтан. Ана Крандарда 15 метр секундтан асып кетсе, көтеруге болмайды.

Қарағандыда сәуір басталысымен-ақ күн жылынған. Ауа райы күрт бұзылып,  қар жауып, соңы жаңбырға ұласты. Жол көк мұзға айналды. Бұл жағдай әсіресе дөңгелегін жазғыға ауыстырып алған жүргізушілерді әбден састырды. Көктайғақта 28 жол-көлік апаты болып, екі адам қаза тапты. Кеше кешкілік Қарағандыдан шығатын жолдар тегіс жабылған. Соған қарамастан сапарға шығып кетіп, қарға адым жер аса алмай қалған көліктен төтеншеліктер 63 адамды құтқарған. Бекетте қаңтарылғандар жолымыздан қалдық деп қапаланады. Жол үнемі тазаланып тұрса, қозғалыс та тоқтамас еді дейді жүргізушілер.

Геннадий Шиц жүргізуші:

- Біздің уақытымыз ақша. Кешелі бері тұрмыз. Асхана, дүкен, тіпті әжетхана да жоқ. Өйткені жол бойында жағдай жоқ, қараусыз қалдырған. Уақтылы тазаламайды. Бар білетіні жолды жаба салу.  Қарды уақытында тазалау дегенді білмейді.

Сыртта қар жауып көзаштырмас ақтүтек боран болғанымен, Көкшетаудың өзінде күн ашық. Бірақ бет қаритын аяз бен үскірік жел әлі де басылған жоқ. Күн жылынды деп жеңіл киімге көшкен жұрт қайта қымтанып алған.«Қазақ “Бесқонақ” деп атайтын табиғаттың осы бір мезгілін сәуірдің сегізіне кіріп, он сегізіне шығады» деп есептейді екен. Синоптиктер күн райы тек осы аптаның соңында жылынады деп отыр. 

Лариса Гончарова, Ақмола облысы Қазгидромет филиалының инженер-синоптигі:

- Ақмола облысында әлі де ауа райында тұрақсыздық байқалады. Қар аралас жаңбыр күтілуде. Ауаның температурасы алдағы күндері 7 градустан 17 градусқа дейін төмендейді. Тек сәуірдің 20-сынан кейін жауын-шашын тоқтап аз да болса ауа жылынады.

Өңірде бүгін де кейбір республикалық маңызы бар жолдар түске дейін жабық болды. Сыртта қатты жел мен ақтүтек боран әлі басыла қойған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.