{metadescription}
«Оператор РОП» басшыларының ісі сотта қаралып жатыр
«Оператор РОП» басшыларының ісі сотта қаралып жатыр

«Оператор РОП» басшыларының ісі сотта қаралып жатыр

Астананың Байқоңыр ауданы №2 сотында миллиардтарды қымқырған тағы бір сыбайластардың ісі қаралып жатыр. Атышулы «Оператор РОП» компаниясының басшылары да Астанадағы ауа райына байланысты бүгінгі сотқа онлайн қатысты. Төрт бірдей адамға тағылған айып та жеңіл емес. 

Айыпталушы орындығында экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұрынғы орынбасары Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, осы мекеменің бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек пен бұрынғы бас директоры Светлана Коротенко. Соңғысы Украина азаматы. Бұл атышулы компания былтырға дейін утилизация алымын жинаумен айналысқан. Ал сотта жауап беріп жатқан төртеуі сол миллиардтаған соманы заңсыз жолмен қалтаға басты деп айыпталып отыр. Бүгінгі сотта олар фото-видео түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялауға қарсы болды. Адвокаттың айтуынша, бұл күдіктінің балаларына кері әсерін тигізуі мүмкін. Тағы бір айыпталушы, Медет Құмарғалиев те процестің жабық өтуін қолдап отыр. Бұған қатысты шешімді судья 20 сәуірде қабылдайды.

Шенеуніктермен ауыз жаласқан "Оператор РОП" басшыларын 180 миллиард теңгені жымқырмақ болғанын антикор әшкерелеген-ді. Сыбайластар тіпті мұнымен де шектелмей, заңсыз түскен ақшаға зауыт салып, электр энергиясын мемлекетке қалаған бағамен сатуды жоспарлапты. Жылмысқы істе бұрынғы экология вице-министрі көмектесетін болып келіскен деп санайды тергеушілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде