{metadescription}
Алматыда жылу мен жарық тарифі көтеріледі
Алматыда жылу мен жарық тарифі көтеріледі

Алматыда жылу мен жарық тарифі көтеріледі

Алматыда тариф бағасы көтеріледі. Жылу мен жарықтың құны нақты қанша пайызға қымбаттайтыны әзірге белгісіз. «Самұрықэнерго» Акционерлік қоғамы қаладағы әбден ескірген жылу электр орталығын жаңартатуға қаражат керек деп отыр.

Ғазий Есмұханбетов, «Алматы электр станциясы» АҚ бас инженері:

- Үшінші жылу электр станциясындағы қондырғылардың 77 пайызының тозығы жеткен. Станцияның салынғанына 62 жыл болды. Сол уақыттан бері мұндағы жабдықтар ауыстырылған жоқ. Жөндей беруге шығын көп кетеді. Шикізат пен материалдар қымбаттап жатыр. Құбырлардың бағасы екі есеге көтерілген. Біздің компания қаржылық қиындықтарға тап болды.

Алматыда үш жылу электр орталығы бар. Оның бірі үш жыл бұрын көмірден көгілдір отынға көшкен. Осы станциялардың ішінде үшінші жылу электр орталығының жағдайы мәз емес дейді энергетиктер. Мамандар салынғанына 60 жылдан асқан орталықта жылу желілері мен құбырлар тот басып тозғанын жеткізді. Олар қондырғыларды шұғыл жаңартпасақ, Екібастұздағы апат қайталануы мүмкін деп дабыл қақты. Алматы мен облыстың бір бөлігін жарық және жылумен қамтамасыз ететін станциядағы кей жабдықтар 12 жыл бұрын ауыстырылыпты. Мәселен, қажетті құбыр Ресей мен Украинадан әкелінеді екен. Көрші елдің зауыттары шикізаттың құнын екі есеге көтеріп жібергені жығылғанға жұдырық болыпты. Күрделі жөндеуге қаражат табудың жалғыз жолы тарифті көтеру деп отыр.

Жақсылық Сағымбеков, «Алатау жарық компаниясы» АҚ бас инженері:

- Тариф көтерілмейді деп айта алмаймыз. Өйткені, өздеріңіз көріп тұрсыздар, 60 жылдары шыққан электр қондырғылардың эксплуатация ресурсы бітіп жатыр. Оған қосымша жабдықтар шықпайды. Көбінесе жоғары вольтты желі мен кабельді желілер тоза бастаған, тозып кетті деп айтса да болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде