{metadescription}
Тасқала тұрғындарын тұншықтырған карьер жабылды
Тасқала тұрғындарын тұншықтырған карьер жабылды

Тасқала тұрғындарын тұншықтырған карьер жабылды

Атырау іргесіндегі Тасқала тұрғындарын тұншықтырған карьер жабылды. Себебі: жер қойнауын пайдаланып жатқан компанияның лицензиясы жоқ болып шықты.

Бұған дейін әкімдік “кәсіпкердің жұмысы заңды, еш шара қолдана алмаймыз” деген. Алайда тұрғындар наразылығынан кейінгі тексеріс кезінде бірқатар заңсыздық анықталған. Тас-құм өндіруге рұқсат алған лицензиясы бар компания жер қазу жұмысын өзге мердігерге тапсырыпты. Бұл заңсыз деген шенеуніктер карьерді жабуға шешім шығарды.

Айта кетейк, өткен аптада Тасқала тұрғындары «күні-түні көк шаң жұтып, зардабын көріп отырмыз» деп ауыл іргесіндегі карьерді жабуды талап еткен. Тіпті наразылыққа шығып шаңдатып жүретін жүк көліктерінің жолын бөгеген еді. Бүгін жергілікті әкімдік карьер жұмысын тоқтаттық деп хабарлады. 

Нұрлан Жантоқов, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасының басшысы:

- Алған кәсіпкер басқа кәсіпкерге жалға берген. Сол құжатты біз тексеріп, алған адам бізге барлық құжатын әкеліп тіркелу керек. Ол кісі құжатын берген. Біздің басқарма қайтарып берген. Себебі, жетіспейтін қағаздары болған. Соған қарамастан ол кәсіпкер жұмысты бастап кеткен. Сондықтан біз ол жұмысты тоқтаттық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде