{metadescription}
Петропавлда сепаратизмді ашық насихаттаған үш белсенді ұамауға алынды
Петропавлда сепаратизмді ашық насихаттаған үш белсенді ұамауға алынды

Петропавлда сепаратизмді ашық насихаттаған үш белсенді ұамауға алынды

Прокуратура Петропавлда сепаратизмді ашық насихаттағандарды қамауға алды. Әзірге 20 адамнан тұратын «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» деп аталатын топтың үш белсендінің қолына кісен салынған.

Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, күдіктілер өзін Кеңес социалистік республикалар одағының ізбасарымыз деп санаған. Олар Қазақстанды мемлекет ретінде мойындағысы келмей, жерінің тұтастығын да жоққа шығарған. Осылайша Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесін құрып, арнайы декларация қабылдаған. Сол сәттің видесы әлеуметтік желіге тарап, қоғамның ашуын туғазған болатын.

Прокуратура арандатушы топтың үш белсендісі қамағуа алынғанын хабарлады. Күдіктілердің сепаратизмді насихаттағаны расталған. Оларға қатысты мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіруді насихаттау және сепаратизм әрекеті бойынша іс қозғалды. Қамауға алынғандардың кінәсі дәлелденсе, 10 жылға сотталуы мүмкін. Ал, топтың өзге мүшелеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

 

Ғани Жалби, СҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Істің мәнжайы бойынша көптеген тергеу өтіп жатыр. Сондай-ақ политологтың, басқа да мамандардың сот-сараптамалары жүргізілді. Қортындысы бойныша, сепаратизм және мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттау фактісі, яғни қылмыс белгілері анықталып отыр. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде