{metadescription}
Риддерде көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар тағы жылусыз отыр
Риддерде көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар тағы жылусыз отыр

Риддерде көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар тағы жылусыз отыр

Риддердегі жылу орталығынан тағы ақау шықты. Бұл жолы жоғарғы қысымдағы бесінші қазандық сөніп қалған. Соның салдарынан шағын шаһардағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар жаппай жылусыз отыр.

Ирина Пяткова, Риддер қаласының тұрғыны:

- Қар жауды. Қазір температура күндіз минус 7-8 градус. Ал түнде минус 11-15. Үйімізде қатты суық. Батареялар баспана тұрмақ, аяқ- қолымызды жылытуға да қауқарсыз.

Қазандық сөніп қалғандықтан, жылу қуаты 30 градусқа дейін төмендеп кеткен. Тұрғындардың айтуынша, батареялар суып, баспана іші азынап тұр. Оның үстіне шаһарда ауыз су да уақытша тоқтатылды. Сондықтан мектеп оқушылары жаппай қашықтықтан оқуға көшірілген.

Ал жергілікті билік барлық қазандықтың шұғыл іске қосылғанын жеткізді. Қазір жылу біртіндеп беріле бастады дейді шенеуніктер.         Күзден бері Риддердегі жылу орталығында 60-тан астам апат болған. Енді облыс басшысы әбден тозығы жеткен нысанды коммуналдық меншікке өткізудің қамын қарастыруда.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Қала қатыпсеніп жатқанда біз қарап отыра алмаймыз. Егер жылу орталығының қожайыны тиісті шаралар қабылдамаса біз батыл әрекеттерге көшеміз. Қазір осы кәсіпорыннан 2,7 млрд теңге өндіру туралы сотқа арыз бердік. Бұл жұмыс жалғаса береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.