{metadescription}
“Чиа тай” қосымшасына ақшасын салғандар алданып қалған
“Чиа тай” қосымшасына ақшасын салғандар алданып қалған

“Чиа тай” қосымшасына ақшасын салғандар алданып қалған

Аңғал халық тағы алданды. “Чиа тай” мобильді қосымшасын жүктеп, оған бар тапқан табысын құйған азаматтар алаяқтыққа тап болғанын кеш түсінген. Жеңіл жолмен тезірек байығысы келгендер енді экономикалық тергеу департаментіне жаппай арыз жазып жатыр.

Шығын көлемі мен күмәнді платформаға алданған салымшылардың жалпы саны әзірге белгісіз. Құзырлы орган мәселенің мән-жайын анықтауға кірісті.

Ақшасын онлайн қосымша арқылы еселеп аламын деген Аян Тоқмамбетов  “Чиа Тай Тьянцинь” платформасына 2 миллионға жуық теңге құйғанын айтады. Жұмыс істемей тезірек байығысы келген азамат ақыр аяғында бармағын тістеп қалды.

Аян Тоқмамбетов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен сенбей жүрдім. Басқа таныстар 700 мың шығарып жатыр деді. Бұл кірсе, мен де кіре салайын дедім. Платформ кепіл бойынша, мысалы, 550 мың саламын, бағдарлама бір жыл жүреді. 50 күннің ішінде өз ақшаңды қайтарасың. Ары қарай инвестициядан кіріс алып тұрасың.

Аян сынды таныстарынан естіп, қаржысын инвестициялаймыз деп сан соғып қалған салымшылар жаппай арыз жазып жатыр. Олар алдымен “Чиа тай” мобильді қосымшасын телефонға жүктеп, жеке кабинет ашқан. Барлығы құйған ақшаның соммасына қарай үстінен күніне 2-10 пайызға дейін пайда көруге тиіс болған. Салған қаражаттың көбейіп жатқанын онлайн бақылап отырған. Бірақ көзбен көрген ақшаны шешіп алып, қолымен ұстағаны аз.

Альфия Сапқұлова, Алматы қаласының тұрғыны:

- 24 наурызда тағы 550 мың салдым. Солай кете берді. Ол жерден ақша шығарған жоқпын. Еш пайда көрмедім. Өзіміз пәтер жалдап жүргеннен кейін үйге жинайық, ақша қосылсын дегем. Басында тұрған адамды жауапкершілікке тартса деп отырмыз. Ақшамызды қайтармасақ та, басқа адамдар алданбасын, бұлар жайылып кетпесін деген мақсат қой.

Кеңсесі жоқ интернет алаяқтар ел бойынша нақты қанша адамды тақырға отырғызғаны әзірге белгісіз. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері халықтың шағымы бойынша мәселенің мән-жайын анықтаймыз дейді.

Ернар Тәжібаев, Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі:

- Қазір егжейтегжей қараймыз, арызда көрсетілген мән-жайдың барлығын. Зерделеп болғаннан кейін бір тәулік уақыттың ішінде шешім қабылдаймыз. Қылмыс жайлы ақпарат жеткілікті болса, шара қолданамыз. Процесуалдық шешім қабылданады.

“Чиа тай” қосымшасы қазір жұмыс істеп тұрған жоқ. Оны “гугл плай” мен “апстор” іздеу жүйесінен де таба алмайсыз. Сондықтан бұл платформаға қанша қаражат құйылғаны әзірге беймәлім. Оны қайтарудың өзі мүмкін емес сыңайлы. Құзырлы орган өкілдері “оңай олжа орға жығатынын айта-айта жалықтық” деп отыр. Соған қарамастан, тапқан табысын танымайтын адамға немесе күмәнді шотқа аудара салатындар әлі де көп екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде