{metadescription}
Көкшетауда елді арзан көлік сатамын деп алдаған алаяқ ұсталды
Көкшетауда елді арзан көлік сатамын деп алдаған алаяқ ұсталды

Көкшетауда елді арзан көлік сатамын деп алдаған алаяқ ұсталды

Көкшетауда арзан көлік сатамын деп елді алдап келген 27 жастағы алаяқ ұсталды. Ол сайтқа жалған ақпарат беріп, клиенттерден алдын ала ақша алып, артынша ізін суытып отырған.  

Алайда күдіктіде жарнамадағы шетелдік  көліктің тек суреті ғана бар. Осылайша ол кез келген автокөлікті сыртынан сатумен айналысқан. Сатып алушы табылғанда ақшаның бір бөлігін қалтасына басып, телефонын өшіріп зым-зия жоғалады екен. Қазірдің өзінде полицияға сан соғып қалған жеті адам арыз берген. Оның төртеуі Алматы мен Қарағанды қаласының тұрғындары. Ал көкшетаулық үш адам көлігін көріп, алдын ала ақшасын төлеп қойған. Алайда келісілген уақытта сатушыны таппай қалған соң, полицияға шағымданған. Қазір жалған жарнамаға алданған басқа да азаматтар анықталып жатыр. 

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспаөз қызметінің жетекшісі:

- Жалған жарнаманың авторы ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Барлық фактіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған кезде одан әртүрлі абонементтің 60 симкартасы табылды. Ал телефонында шетелдік автокөліктер сатылады деген хабарландырулар сақталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.