{metadescription}
Үкімет пен Маңғыстау облысы әкіміне Жаңаөзенді дамыту жоспарын жан-жақты пысықтау жүктелді
Үкімет пен Маңғыстау облысы әкіміне Жаңаөзенді дамыту жоспарын жан-жақты пысықтау жүктелді

Үкімет пен Маңғыстау облысы әкіміне Жаңаөзенді дамыту жоспарын жан-жақты пысықтау жүктелді

Жаңаөзендегі жарылыс салдарын жою жұмыстары тез арада аяқталуы қажет. Президент Маңғыстау облысында төрт адамның өліміне алып келген оқыс жағдайға алаңдап, шағын қаланы дамыту жоспарын жан-жақты пысықтауды Үкімет пен облыс әкіміне жүктеді.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір жарылыстың мән-жайын анықтаумен арнайы комиссия айналысып жатыр. Әзірге тек түрлі болжамдар айтылуда.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

Оқиға орнында Нұрлан деген азамат болған. Ол азаматтың ағасы жансақтау бөлімінде жатыр. Сол жерде апат болған үйдің қасында газ бөлу қондырғысы тұр, ГРП. Соның көшеге дейінгі негізгі орта қысымды газ желілеріне жеткізетін жеріне соның үстінен су құбыры өткізілген. Салып жатқанда ағам «бұл дұрыс емес» деп айтты дейді. «Су құбырын өткізгенде газ құбырына қандай да бір зақым келеді, газ шығуы мүмкін, сосын жарылыс болуы мүмкін» деген. Сол болжам, сіздің айтып жүргеніңіз, қазір құрылған комиссия тексереді.

Маңғыстау облысының әкімі, сондай-ақ жаңаөзендік мұнайшылардың наразылығына қатысты да пікір білдірді. «Еңбек дауына апарып соққан тендер мәселесіндегі түйткілдер бұрыннан бар. Соның шешімі ретінде алдағы күзден бастап, компаниялармен ұзақ мерзімді шарт жасау, нақтырақ айтсақ үш жылдық келісімге отыру мәселесі қарастырылып жатыр», - дейді Ноғаев. Егер мердігер өзіне алған міндеттерді толығымен орындайтын болса, келісімді тағы екі жылға ұзарту мүмкін болады. Десе де, мемлекет басшысы өңірдің жастары кәсіптің басқа да түрін игеруге ұмтылуы керек деп есептейді. "Батыс аймақтарда жастар тек мұнай саласында ғана жұмыс істеуге құлықты. Бұл дұрыс емес. Ал мұнай қоры таусылғанда, аймақта ахуал тіптен ушығып кетуі мүмкін". Осылай деген президент Маңғыстау өңірінде ақпараттық технологияларды дамытуды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бүгінгі заманның өзекті саласы ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде