Астанадағы LRT құрылысы алдағы екі жылда аяқталады
Астанадағы ЛРТ құрылысы алдағы екі жылда аяқталады. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек осындай оптимистік болжамымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте бөлісті.
Автор: Айғаным Достанбай
19.04.2023
Талай жылдан бері бас қаланың сүйкімін қашырып тұрған тас бағаналардың бойында құрылыс қазір қайта жанданған. Осыған дейін шаһар басшысы жеңіл рельсті вагондарды сатып алуға келісімшарт жасалғанын, нысанның құрылысына бастан-аяқ қытайлық компания жауапты болатынын айтқан еді. Осы бағыттағы жұмыстарға Үкімет қаражатты былтыр қарастырып қойған. Осылайша, жыр болған ЛРТ 2024 жылдың аяғына дейін елордалықтардың игілігіне берілуі ғажап емес.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- ЛРТ бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс жандандырылды, жобаны екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Биыл ұзындығы 50 шақырым болатын 72 көшеде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Тәуелсіздік көпірінің құрылысын аяқтаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!