{metadescription}
Елімізде көлік жүргізушілері жаппай газға көшіп жатыр
Елімізде көлік жүргізушілері жаппай газға көшіп жатыр

Елімізде көлік жүргізушілері жаппай газға көшіп жатыр

Бензиннің бағасы қымбаттағаннан кейін, елде газға көшіп жатқан көлік иесі көбейді. Машинаға газ қондырғысын орнататын орталықтардың жұмысы да жанданған. Қозғалтқыш көлемі аз, көлікке күні қараған жүргізушілер қалта көтеретін арзан отынға ауыспасақ, тапқан табысымыз жанармайдан артылмайды дейді.

Бірақ сұйытылған газдың бағасы да алдағы үш айдың ішінде қымбаттайтынын энергетика министрі айтып қалды. СондықтанАлмасадам Сәтқалиев жүргізушілерді газ қойып жанталаспауға шақырды.

Алматыда автогаз орнататын орталықтардың жұмысы бір аптадан бері қауырт. Өйткені, бензин бағасы қымбаттайды деген ақпарат шыққалы клиенттердің саны күрт өсіпті. Көгілдір отынға көшкісі келетіндердің көптігінен мұндағылар аяқасты қарбаласқа түскенін жасырмайды.

Серік Болатұлы, газ қондырғысын орнататын орталықтың маманы:

- Бір апта бұрын хабарласып жазылып жатыр. Оған дейін, өкінішке қарай, басқа клиенттерді қабылдай алмай жатырмыз. Мына жаңалық пайда болғалы телефонға тыным жоқ. ”Газ орнатайық деп едікдеп, қайтақайта хабарласып жатыр, көп адам.

Көлікті бензиннен газға ауыстыру бағасы баллонның көлеміне қарай 200 мыңнан басталып 500 мың теңгеге дейін жетеді. Оның жұмысына шамамен бір күн уақыт кетеді. Дәл осындай орталықтарға келіп газ баллонын орнатып жатқандардың дені қозғалтық көлемі аз көлік иелері. Арасында қымбат маркалы темір тұлпар тізгіндегендер де бар.

Бейбіттің арзан отынға көшкеніне көп болған жоқ. Көлікпен нәпақасын табатын жігіт ағасына газбен жүру бензинге қарағанда әлдеқайда тиімді.

Бейбіт Сағындық, Алматы қаласының тұрғыны:

- Пайдасы 50 пайыз үнемдейсің ғой. Енді өзің ойла, 65 теңге мен 205 теңге. Газдың бір жақсысы 60 литр құймын. Ол бағаға бензин құя алмайсың. 34 мың теңге құясың, бір жұма жүресің. Бензинмен төрт мың теңгемен бірақ күн жүресің.

Қарағанды мен Павлодар облыстарында да көлігіне газ қондырғысын қою үшін кезекке жазылып жатқандар көбейген. Алды бір аптаға дейін күтуге әзір. Шеберлер сұраныс артса да қызмет көрсету құнын көтермедік деп сендірді.

Рамзан Әбуев, газ қондырғысын орнататын орталықтың маманы:

- Біз италиялық немесе польшалық жабдықтарды пайдаланамыз. Жаңа технологиямен жасалған газ қондырғысы жанжақты қорғалған. Біз тұтынушыға кепілдік береміз. Бірақ Қытайдың сапасыз өнімімен де жұмыс істейтін орталықтар көп. Оларға сенбеу керек. Еуропадан әкелінетін бөлшектер сапалы болады. Жүргізушілер ұрынып қалмасын деп айтып отырмын.

Бүгін Астанада энергетика министрі жүргізушілерді көлігін газға ауыстырып жанталаспауға шақырды. Өйткені сұйытылған газ бағасын алдағы уақытта кезең-кезеңмен нарыққа сай көтереміз дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Қазақстанда газ өндірісі айтарлықтай шектеулі. Біз іштегі сұранысты «Теңізшевройл» компаниясына жыл сайын өтініш тастап, экспортқа арналған газды ішкі нарыққа қайта бағыттату есебінен жауып келе жатқанымызды білесіздер. Бастапқыда газ бағасы аса қатты қымбаттамайды деп ойлаймын – 510 теңге, одан артық емес. Бірақ кейін өзіндік құнын ақтайтындай бағаға шығамыз.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жыл сайын көгілдір отынмен жүретін көлік саны көбейіп келеді. Бензиннен бас тартатын жүргізушілер жыл сайын осылай еселеп арта берсе, алдағы уақытта сұйытылған газ тапшылығы туындауы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде