{metadescription}
Ақтөбеде автобус парктері қосымша субсидия немесе тарифті арттыруды сұрады
Ақтөбеде автобус парктері қосымша субсидия немесе тарифті арттыруды сұрады

Ақтөбеде автобус парктері қосымша субсидия немесе тарифті арттыруды сұрады

Ақтөбеде автобус паркінің басшылары әкімдіктен қосымша субсидия бөлуді немесе тариф құнын арттыруды сұрап отыр. Себебі: дизельдің қымбаттауынан қоғамдық көлікке кететін шығын көлемі де артқан.

Қазір Ақтөбеде жолақы құны 80 теңге. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар бұл елдегі “ең төменгі баға” деп отыр. Сондықтан әкімдік соңғы екі жыл бойы бағаны көтермеу үшін бірнеше бағыттағы автобустарға субсидия береді. Енді сол қаржының өзі жанармайға кететін шығынды жаппайды дейді автопарк өкілдері. Ал автопарктің жолдаған өтінішіне әкімдік әлі жауап берген жоқ.

Руслан Жылқаманов, «Автопарк» ЖШС ресми өкілі:

Тасымалдаушының шығыны көбейеді. Алдын ала санап көргенімізде, 10 миллионнан астам шығын қосылады екен, дизель отынын сатып алуға. Автопарк бойынша 90 пайызы автобус дизель отынмен жүреді. Ол жазғы баға, қыста одан да қымбат болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде