Марат Тоқашбаев: Феминизмді желеу етіп, ЛГБТК-ны насихаттайды
Феминизмді желеу етіп, ЛГБТК-ны насихаттайды. «Қазақстан ата-аналары одағы» алаңдаушылығын білдірді. Соңғы уақытта әйел, бала құқығын қорғап, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсымыз деп митинг өткізу жиіледі.
Автор: Асқарбек Қазанғап
19.04.2023
Өзекті мәселеге қатысты ардагер журналист Марат Тоқашбаев өз ойымен бөлісті. Бұл тақырыпты көтеріп жүргеніне жеті жылдан асқан. Айтуынша, азғындыққа бастайтын мұндай қозғалыстардың тамырына балта шаппаса, ертең кеш болады. Соңғы өткен митингтерде олар насихатты ашық жүргізіп жатыр, оған көз жұмуға болмайды, әкімдік митинг мазмұнын сүзгіден өткізуге тиіс дейді.
Марат Тоқашбаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, журналист:
- Алған рұқсатын дереу басқа мақсатқа, өздерінің арам ойын жүзеге асыру мақсатына пайдаланып кетеді. Сол жерде олар таза феминистік мәселені ғана көтермейді, ол жерде ЛГБТК қауымдастығының мәселелерін көтеріп, “менің жатырым”, “менің ережем”, “мен не істесем де, өзім білем” деген сияқты ЛГБТК ұрандарын көтеріп, соны насихаттауға кірісіп кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!