{metadescription}
Президент: “Көше кезген иттер адамдарға қауіп төндірмеуі керек”
Президент: “Көше кезген иттер адамдарға қауіп төндірмеуі керек”

Президент: “Көше кезген иттер адамдарға қауіп төндірмеуі керек”

"Жан-жануарға мейіріммен қараған дұрыс. Бірақ көше кезген иттер адамға, әсіресе, балаларға қауіп төндірмеуі керек". Соңғы уақытта үлкен мәселеге айналған бұралқы иттердің жайын бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қозғаған президент осылай деді.

Бұралқы иттердің кесірінен болған қайғылы жайттар соңғы бір айдың ішінде жетіп артылады. Жақында ғана Жаңаөзенде бес жасар баланы ит талап, бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Ал Түркістан облысында ит қапқан бала құтырма ауруынан көз жұмды. Мемлекет басшысы бұл түйткілге тоқталмас бұрын, "қаңғыбас иттердің тақырыбы Президент деңгейінде қозғалмауы тиіс" екенін тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Маған бүкіл облыстардан қаңғыбас иттерге қатысты арыз-шағым түседі, өйткені тиісті заңды алға тартқан билік өкілдері бұл мәселемен айналыспайды. Бірақ заңды алға тарта берсек, жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Әрине, үй жануарларын қорғау керек, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға шабуыл жасауына жол бермеу керек. Оның үстіне қазір қаңғыбас иттердің адамды қауып алып жатқан жағдайы көп тіркеліп жатыр. Бұған жол беруге болмайды. Шара қолданыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.