{metadescription}
Сейсмологтар: Алматыда сағат 11-де дабыл қағылады
Сейсмологтар: Алматыда сағат 11-де дабыл қағылады

Сейсмологтар: Алматыда сағат 11-де дабыл қағылады

Алматылықтар үйін шұғыл тастап шығуына тура келеді. Ертең оңтүстік мегаполисте дабыл дауысы естіледі. Құтқарушылар жер сілкінісі бола қалған жағдайдағы тұрғындардың әуселесін байқамақ.

Таңертенгі сағат 11-де дабыл қағылады. Құтқарушылар тұрғындарды бұл сейсможаттығуға бейжай қарамауын сұрайды. Дабылдан кейін бірден үйден, кеңседен шығып қауіпсіз жерге бас сауғалау қажет.

Статистика бойынша, Алматыда жылына білінер-білінбес 10 мыңнан астам жер асты дүмпуі болады. Миллионды шаһар тоғыз балл сейсмикалық аумақта орналасқан. Сондықтан төтеншеліктер үнемі сақ болып жүруге шақырады.

Әнуар Жүсіпов, Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

- Дабыл қағылғанда абдырамауға кеңес береміз. Дүрлікпей отырған ғимараттан шығу керек. Әрине, ешкімді шық деп мәжбүрлей алмаймыз. Бұл сейсможаттығу. Мүмкіндік болса, қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз. Адамдарды құтқару, өрт сөндіру жаттығуларын да көрсетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде