{metadescription}
Шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард елге қайтарылды
Шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард елге қайтарылды

Шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард елге қайтарылды

Шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы қаржы министрі хабарлады. Алайда Ерұлан Жамаубаев заңсыздыққа барған бай-бағландардың есімін атаған жоқ. «Бұл құқық қорғау органдарының мәселесі. Олардың жұмысына араласпаймын", - деп қысқа қайырды министр.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- Мен қазір қателеспесем, қазіргі күнге дейін 670 млрд теңгеге дейін қайтарылған болатын. Бұл нақты деректерге сүйенсек. Арнайы комиссия құрылған болатын, өздеріңіз білесіздер. Бас прокуратураның басшылығымен, бұл комиссия жұмысын жүргізіп жатыр. Дер кезінде деректерді беріп отырдық. Сомасын айттым. Заңға келетін болсақ, заң жобасы қазір әзірленуде.

Тиісті заң жобасын министрлік 31 наурызға дейін Мәжіліске алып келуі керек болған. Алайда Жамаубаевтың сөзінше, құжатты Үкімет пен бизнес өкілдері әлі де талқылау үстінде. Осыған дейін премьер-министр шетелдік банктердің шотынан тәркіленген заңсыз активтер мектеп құрылысына жұмсалатынын айтқан. Ол мақсатқа жоспарланған қаражаттың көлемі әзірге 100 миллиард теңгенің айналасында. Үкімет осындай әдіспен елдегі білім ордаларының сапасы мен үш ауысымды мектептердің проблемасын шешпек ниетте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.