Мәжілісмендер: Тегін емделе алмасақ, несіне ақша төлейміз?
Дәрігер компьютерге телміре ме, әлде науқасты қарай ма? Қарапайым азамат тегін емделе алмаса, несіне ақша төлеп отыр? Міндетті әлеуметтік медицианалық сақтандыру қорының жұмысына көңілі толмаған мәжілісмендер бүгін біраз сұрақты жаудырды.
Автор: Әзиза Төленби
20.04.2023
Бұл жүйенің тиімсіздігін күні кеше президент те Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан. Онсыз да санаулы дәрігерлерді мәлімет терумен қағазбастылыққа тіреп қойған көмектің қолжетімсіздігі сыннан көз ашпай келеді. "Үш минутта өтетін қызметті, үш ай күтетін болсақ, не үшін ай сайын жалақыдан жырып ақша береміз?" - дейді Асхат Аймағамбетов. Әрі мұның бәрі әдейі қолдан жасалғанына депутат сенімді. Ең қиыны, кез келген азамат осы міндетті қорға үш ай ақша төлемесе, оны ешқандай емхана қабылдамайды екен.
Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:
- Керек болғанда біз экономика бойынша орташа айлық жалақыны есептейміз де, ал денсаулық сақтау саласын қаржыландырғанда медицина бойынша есептей қаламыз. Бұл мәселені қарастыру керек. Бесінші үш ай төлем проблемасы. Азаматтар тұрақты жарнасын төлеп жүрсе де, егер үш ай төлемей қалса, онда автоматты түрде МӘМС-тен шығып қалады. Бұл мәселені де қайта қарау керек. Кез келген 12 ай үшін жарна аударылса, сақтандырушының мәртебесі қалдыру ұсынылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!