{metadescription}
Мәжілісмендер ақшаға құныққан құрылыс компанияларына шүйлікті
Мәжілісмендер ақшаға құныққан құрылыс компанияларына шүйлікті

Мәжілісмендер ақшаға құныққан құрылыс компанияларына шүйлікті

Сейсмикалық қауіпті аумақтарда ғимарат тұрғызуға тыйым салу керек. Мәжілісмендер ақшаға құныққан құрылыс компанияларына шүйлікті. Тасқын, сел жүру қаупі бар аймақтарда үйлер мен түрлі инфрақұрылым бейберекет тұрғызылған.

«Кеш болмай тұрғанда, құрылыс және жер қатынастары салаларында дереу тәртіп орнату керек» деген Бақытжан Базарбек депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады.

Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан және еліміздің батыс өңірлерінде де жағдай ушығып тұр. «Осы қалалардың құрылыс жоспарын қайта қарау қажет» деп отыр депутат. Мердігерлер үйді рұқсатсыз салғанымен қоймай, азаматтарды алдап соғуда. Іргетасы құйылмаған тұрғын үйдің пәтерлерін миллиондаған ақшаға сатады. Содан кейін түрлі сылтау айтып, кілтін беруден жылдар бойы жалтарады дейді Базарбек. Ал бар тапқан-таянғанын баспанаға құйған қарапайым тұрғындар жауапсыз компаниялардың кесірінен далада қаңғып жүр.

Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:

- Алматы еліміздің қаржы-мәдени орталығынан қысқа уақыт ішінде үлкен құрылыс учаскесіне айналды. Атап айтқанда, құрылысшылар эскиздік жоба мен жобалау-сметалық құжаттаманың келісімінсіз көпқабатты тұрғын үй кешендерін салуда. Көптеген құрылыс салушылар басқа мақсаттарға арналған жер учаскелерін иемденуде. Ең сорақысы, кейбір мердігер компаниялар адамдарды наразылық массасы үшін қол шоқпары ретінде пайдаланып келеді. Жергілікті биліктен рұқсат құжаттарын алу үшін наразы халықты әкімдіктердің алдына митингіге жіберген деректер де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде