{metadescription}
Петропавлда саяжайлар суға кетті
Петропавлда саяжайлар суға кетті

Петропавлда саяжайлар суға кетті

Петропавлдағы саяжайлар суға кетті. Қазірдің өзінде 700-ге жуық нысан мен бау-бақшаны қызыл су басқан. Тұрғындар биыл өнімсіз қалатын болдық деп жыларман күйде. 

Олег Самудинов, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Орасан шығынға ұшырадық. Қоршаулар шіріп, нысанның іргесі де дым тартып үгіліп жатыр. Ішкі қабырғаларына да зақым келген. Мұның бәрі қырауар ақша тұрады. Жемісжидектің бәрін су басты. Жер құрғағанша жаз шығатын болды.

Көктемгі тасқын саяжайлықтарды әбден тығырыққа тіреді. Соңғы есеппен 700-ге жуық бау-бақшаны су басқан. Олардың саны әлі де өсетін түрі бар. Тек аула емес, нысандар да көлкіген судың ортасында қалған дейді тұрғындар. Олар дым тартқан қабырғалар құлауы мүмкін деп қорқады. Ал бұл жағдайға іргедегі Есіл өзенінің арнасынан асуы себеп. Қазір төтеншеліктер дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар бұл маңнан 250- ге жуық адамды көшіріп үлгеріпті. Кей тұрғындардың әрекеті мамандарды алаңдатып отыр. Өйткені олар су астында қалған баспана мен бау-бақшаларын қимай қайта келетін көрінеді.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы:

Біз саяжайды күзетуге мәжбүрміз. Өйткені қауіп-қатерге қарамай осында келетіндер бар. Арасында жасы егде тартқан кісілер де жүр. Оларды біз мұнда кіргізе алмаймыз. Жұмыс істеудің де ығайы жоқ. Суға батып кету сынды түрі жағдайлар болуы мүмкін ғой. Сондықтан ешкімді кіргізбейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде