{metadescription}
Оралда мүгедек балаларға арналған орталық жабылуы мүмкін
Оралда мүгедек балаларға арналған орталық жабылуы мүмкін

Оралда мүгедек балаларға арналған орталық жабылуы мүмкін

Оралда мүгедек балаларға арналған орталық жабылуы мүмкін. Себебі: ескі мекеменің орнына жаңа медициналық сауықтыру кешені салынады деген ақпарат тарап жатыр. Ата-аналар бұл жаңалыққа қуана қоймады. Өйткені жаңа мекеме жекеменшік болады дейді жиналғандар.

Раушангүл Орынғалиева, Орал қаласының тұрғыны:

Мен осы мекемеге келгенде баламды қолыма ұстап әкелгенмін. Жатқан бала ғой. Енді қазір қандай жағдайда тұрғанын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Өте керемет. Бәрімізге, атааналарға ұнайды. Әр баланың тілін біледі.

Бұл орталықта қазір 46 бала тәрбиеленуде. “Балалармен логопед, психолог, дефектолог мамандар жеке-жеке айналысады”- дейді ата-аналар. Сондықтан мекеме жабылуы мүмкін деген жайсыз хабар есеңгіретіп тастаған. Мұндай ақпараттың тарауы да тегін емес екен. Батыс Қазақстан облысында пилот жоба ретінде әлеуметтік нысандарды жекенің қолына беру көзделген. Бірақ әлі ол кешеннің қашан салынып, пайдалануға берілетіні белгісіз. Алайда шенеуніктер, жаңа орталық ашылса, науқас балаларға медициналық қызмет тегін көрсетіледі деп ақталуда. 

Исатай Жазықбаев, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы:

- Әзірге барлық қажетті жағдай жасалып, құрылыстың қазығы қағылмайынша, жаңа орталық туралы айтуға ерте. Тендер, байқау туралы әлі ешқандай сөз жоқ. Қазір біз нормативтіқұқықтық құжаттарды әзірлеп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде