Саңырауқұлақ пен жидек тергендерге салық салынатын болды
Бұдан былай саңырауқұлақ пен жидек тергендерге де салық салынады. Төлемнің жаңа түрі кімге арналғанын қаржы министрі түсіндірді.
Автор: Айғаным Достанбай
20.04.2023
Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, салық сіз бен біз секілді қарапайым азаматтарға емес, саңырауқұлақты дәрі-дәрмек жасауға қолданып жүрген, былайша айтқанда, ақша табу мақсатында пайдаланатын кәсіпкерлер мен өндіріс орындарына арналған. Негізінен, салықтың бұл түрі бұрыннан бар. Осыған дейін мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жидек теруге болмайтын. Ал жаңа құжат бойынша, кез келген аумақта өсіп тұрған жабайы өсімдіктерге тиісуге болмайды. Мемлекеттік кірістер комитеті салықтың жаңа түрін 2024 жылдан бастап енгізуді көздеп отыр. Төлемнің көлемі әзірге белгісіз.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
- Салықтың бұл түрі бұрын да болған. Айырмашылық мынада: бұрын тек ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, саябақтарда, қорықтарда жинауға тыйым салынатын. Ал қазір барлық жерде... кез келген аумақта өсіп тұрған саңырақұлақ пен жидек теруге болмайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, бұл салықтың сіз бен біз секаілді қарапайым азаматтарға қатысы жоқ. Салықты дәрі-дәрмектер шығаратын немесе коммерциялық мақсатта жидектерді қолданатын кәсіпкерлер төлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!