{metadescription}
Алматыда зілзалада бағыт көрсететін тақтайшалар қойылады
Алматыда зілзалада бағыт көрсететін тақтайшалар қойылады

Алматыда зілзалада бағыт көрсететін тақтайшалар қойылады

Алматыда жер сілкінісі кезінде қауіпсіз жерге бағыт көрсететін тақтайшалар қойылатын болды. Өйткені төтенше жағдай кезінде қала тұрғындары қайда барып, қайда тығылатынын білмейді. Бұған бүгін шаһарда өткен сейсмо-жаттығу кезінде куә болдық. Дайындық негізінен жыл сайын пысықталады. Бірақ дабылға тұрғындар әдеттегідей аса мән бермеді.

12 қабатты ғимаратты өрт шалып, үйіндінің астында адамдар қалып қойды. Құтқарушылар есінен танған тұрғындарды арқанмен жерге қарай түсіріп, алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Төтенше жағдай кезінде ел жұртқа сабақ болатын сейсможаттығу биыл осылай өтті.

Асхат Әмірбеков, Әуезов ауданы ТЖБ аға инженері:

Үйінде болғандар шықты. Барлығына үгітнасихат жұмыстарын жүргіздік. Жер сілкінісі кезінде қандай іс-әрекетті, нені білу керек, әр тұрғын. Жалпы сейсможаттығу тұрғындардың біліктілігін арттыру үшін өткізіледі.

Бірақ бұл тек сценарий. Осы жолы да әдеттегідей сағат 11-де «жер сілкінісі» деген дабыл қағылса да, қала тұрғындары оны мүлде елемеді. Тасаға шыққандар бірыңғай зейнеткерлер мен қарттар.

Әшімхан Базарқұл, Алматы қаласының тұрғыны:

Ой қарағымау, былай ғой, зілзала деген секунд қана. Сен шыға алмай қаласың. Үлгермейсің.

Құрал Анафин, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мысалы, мен тек қана жер сілкіну емес, әуе шабуылы, тағы бірдеңке болатын болса, қайда қашып тығыларымды білмеймін. Ешқандай баяғыдай бомбоубежище деген болушы еді. Қазір соның қайда екені туралы ешқандай схема жоқ. Үйдің маңайында да, қаланың ішінен де көрген емеспін.

Бұл мәселені тұрғындар әкіммен кездесуде де көтерді. Ерболат Досаев күзге дейін әрбір подъездің жанына бағыт-бағдар беретін тақтайша қоямыз деп сендірді.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Жергілікті бюджетті нақытау кезінде біз ақша бөлеміз. Қаладағы 25-мың подъездің жанында қайда бару керектігі жазылған және адамдар көре алатындай нақты схема болады. Мен мұны мақұлдадым, қаражатты бөлеміз. Күзге дейін әрбір тұрғын қайда барып, қайда жиналу керектігін білетін болады деп үміттенемін.

Жалпы сейсможаттығу бүгін мектептер, жоғарғы оқу орындары мен балабақшаларда, былайша айтқанда, барлық әлеуметтік нысандарда ғана жоспар бойынша өтті. Ал тұрғындардың немқұрайлылық танытқаны рас. Мамандар қалада жыл соңына дейін 7 баллдан жоғары жер сілкінісі күтілмейді деп болжап отыр. Бірақ Алматының 9-10 баллдық сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын ескерсек, ылғи сақ жүргеніміз абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде