{metadescription}
Созақта тозығы шыққан үйлер  қансорғыш жәндіктердің мекеніне айналған
Созақта тозығы шыққан үйлер  қансорғыш жәндіктердің мекеніне айналған

Созақта тозығы шыққан үйлер  қансорғыш жәндіктердің мекеніне айналған

Түркістан облысында 16 отбасы тарақан басқан апатты үйде тұрып жатыр. Созақ ауданындағы тоз-тозы шыққан қосқабатты үй 40 жыл бұрын салынған. Тіпті тәуелсіз сарапшылар апатты деп танығанымен, әкімдік қауіпті үйдің тұрғындарын басқа жаққа көшіруге асығар емес.

Үреймен күн кешкен жұрт жаңа баспана сұрап аудан әкімдігіне барды. Ал атқамінерлер ескі үйдің сапасын анықтау үшін арнайы тексеріс жүргізбекші.

Шолаққорған ауылындағы қосқабатты бұл үйдің тұрғындары үреймен өмір сүріп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Қырық жылда тоз-тозы шыққан үйде газ, су түгілі, әжетхана жоқ. Тұрғындар дәрет қысқанда далаға жүгіреді. Бірақ, мұндағы жұртты коммуналдық жағдай емес жыл сайын қисайып бара жатқан үйдің өзі алаңдатып отыр.

Терезе толық ашылмайды. Бұрын ашылатын. Бүйтіп кіріп кеткен, дуалға қарай. Мына жерде уже тұру мүмкін емес. Ертең жер сілкінсе, мына жер құлап түседі. Мына жерде тарақандар қаптап жүр, мынаның іші толған тарақан. Қимылдатсаң, тарақан шығады.

Жауын шашында жертөлесін су басатын үйдің қабырғасы көгеріп, бүрге, қандала сияқты қансорғыш жәндіктердің мекеніне айналған. Сықыр көбейіп, балконы қабырғадан ажырап кеткен соң, тұрғындар тәуелсіз сараптама жасатыпты. Мамандар үйді  апатты деп танып, тұруға болмайды деген қорытынды берген. Оны шенеуніктерге көрсеткенмен, жергілікті билік мәселені шешуге асықпайды дейді жиналғандар.

Қияқыз Әбдіманапова, Созақ ауданының тұрғыны:

- Шифер, жертөле біздің меншігімізге қарайды дейді. Мемлекетке қарайды, бөлек дейді ол. Оны тағы да апатты деп, біз жақтан шығаруымыз керек дейді. Ол әлі келген жоқ, әкімге осымен екі рет бардық, екі рет те құр қайттық, кіргізбеді. Құлап қала ма деп қорқамыз. Ұйқымыз тыныш емес, алаңдап отырмыз.

Тұрғындар аудан басшысын іздеп кезекті рет әкімдікке барды. Баспана мәселесін айта келгендерді әкім орынбасары қабылдап, тәуелсіз сараптама қорытындысына сенбейтінін айтты. Сондықтан үйдің жарамды-жарамсыз екенін анықтайтын компаниялар арасында арнайы байқау жариялапты. Оның нәтижесі бірер күнде белгілі болады дейді шенеуніктер.

Қалдыбек Оразов, Созақ ауданы әкімінің орынбасары:

- Мекемелер мемлекеттік сатып алудан жеңіп алып, үйдің жағдайын анықтағаннан кейін, біз оны бюджетке қоямыз, ол шаршы метріне  байланысты. Мысалы, 100 миллион керек болуы мүмкін, 50 миллион керек болуы мүмкін. Соны бюджетке ұсынамыз.

“Онсыз да құлағалы тұрған ескі ғимараттың жыртығын жамаудан шаршадық” деген әкімдік жыл соңына дейін тұрғындардың баспана мәселесі шешіледі деп сендірді. Егер айтылған сөз сол күйі іске аспаса, апатты үйдің қожайындары облыс әкіміне баруға бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде