Қазақстан экономикасына әлемдегі геосаяси ахуалдың тигізген әсері
Әлемдегі геосаяси ахуалдың Қазақстан экономикасына тигізген әсері қандай? Алматыдағы ғылым ордасында өткен халықаралық форумда экономистер мен ғалымдар осы тақырыпта пікір алмасты.
Автор: Сымбат ғалымбекұлы
20.04.2023
Жиын белгілі ғалым Кенжеғали Сағадиевтің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған. Форумға жоғарғы білім министрлігінің өкілдері, Сағадиевтің жақындары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Олар геосаяси жағдай тұтас жаһанға кері әсер еткенін тілге тиек етті. Әлемдегі өндіріс көлемі де азайған. Қазақстанның экономикасы қазір қиын кезеңді өткеріп жатыр. Былтыр инфляция 20 пайыздан асып, тауар бағасы күрт қымбаттады. Проблемаларды жіпке тізген академиктер мен профессорлар тығырықтан шығудың жолдарын ұсынды.
Жақсыбек Күлекеев, экономика ғылымдарының кандидаты:
- Жалпы, геодинамикалық саясат қазір қиын. Біз Ресейден келетін көп затты ала алмай қалдық. Соның салдарынан бір жылда Ресейдің үлесі 35 пайызға төмендеп кетті. Оның біздің экономикамызға тигізетін әсері зор болатыны түсінікті. Себебі, жылу станциялардағы генераторлар Ресейде шыққан нәрселер. Оның барлығын алып тастап, бір күнде қоя алмаймыз. Өте үлкен қаражат қажет етеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!