Үздік экологиялық бастамаға — 10 миллион
Үздік экологиялық бастамаға — 10 миллион теңге! ЮНЕСКО-ның Ұлттық клубтар федерациясы жаңа жобаның жеңімпазына қомақты жүлде тағайындады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
20.04.2023
Алматыдағы Іскер әйелдер қауымдастығы да ат салысқан «Тұрақты жол» эко-науқаны аясында өтетін жарысқа еліміздің барлық өңіріндегі 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Олар экология саласына арналған инновациялық идеялар мен стартаптарын онлайн өткізеді. Сосын іріктеліп шыққан 10 команда тамыз айында бас жүлдені сарапқа салады. Ұйымдастырушылар еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында жаңа жобаны қолға алдық деп отыр. Жалпы, қысқа дейін жалғасатын науқанда сенбілік, шығармашылық байқау және тағы басқа шара өткізу жоспарда бар.
Махаббат Есен, Іскер әйелдер қауымдастығының өкілі:
- Ең біріншіден, қоғамымызда жастардың кішкене көзқарасы экологиялық тақырыпқа ашық болсын деп, білімі болсын деп, республикалық шара ұйымдастырылып жатыр. Бұл шара бүгіннен бастап елімізде ұйымдастырылады және де қысқа қарай бітеді. Олардың ішінде әр түрлі маңызды шара болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!