Жаңаөзендегі мұнайшылардың мәселесімен арнайы комиссия айналысады
Жаңаөзендегі мұнайшылардың мәселесімен арнайы комиссия айналысады. Олар жұмысшылардың түйіткілді мәселелерін зерттеп, оны шешу жолын қарастырмақ. Комиссия құрамына “Қазмұнайгаз” компаниясының орталық аппаратынан келген мамандар кірген.
Автор: Айман Нұрмағанбет
20.04.2023
Бүгін комиссия мүшелері Маңғыстаудағы сервистік мекеме өкілдері мен еңбек инспекциясының қызметкерлерімен кездесті. Тараптар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ниетті. 33 адамнан құралған комиссия екі топқа бөлініп, бір айда барлық мұнай компанияларын аралап шықпақшы. Тіпті жұмысшылар арасында сауалнама жүргізіп, қордаланған мәселелерді шешудің жолын ұсынады. Комиссия төрағасы Астанада қалған “БерӘли” компаниясының он жұмысшысын да Жаңаөзенге шақырғанын айтады.
Дәулетжан Хасанов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- “Өзенмұнайгаз” мекемесінің қаржылық, өндірістік бағыттағы жұмысын іштегі процесстерді сырттан, іштен болып жатқан көптеген өтініштер бойынша жұмыс істейміз. Осы жердегі барлық проблемалы туындап тұрған сұрақтарды анықтап, оған талдау жасап, өзіміздің шешу тұстарымызды беру керек деп отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!