{metadescription}
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүрілетін болды
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүрілетін болды

Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүрілетін болды

Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүрілетін болды. G-park құрылыс компаниясына қарасты көпқабатты үйде бірнеше заң бұзушылық анықталған. Уәкілетті орган құрылыс жұмысына тыйым салғанымен, компания өкілдері бұған қарсы.

Әуелі құрылыс компаниясы елорданың жағалау шағын ауданында 12 қабатты комфорт санатындағы тұрғын үй кешені бой көтереді, маңайында мектеп, балабақша мен тіпті эко саябақ болады деп үміттендірген еді. Пәтер иелеріне  үш метрлік төбелер мен жылдам әрі дыбыссыз лифт уәде етілген. Алайда мұның барлығы қазір сұрақ күйінде, яғни орындалуы екіталай.

Бұл видеоны көрген ондаған үлескерлердің үміті біржолата үзілді. Былтыр жаңа үйге қаражатын құйып, құрылыстың аяқталуын күтіп жүргенде күтпеген жерден экскаватор келіп, сүріп жатыр. Құрылыс компаниясы да қарап қалмады, барынша төтеп беруге тырысты.

Алексей Жапарбаев, Астана қаласының тұрғыны:

Қалай жылдам шешім қабылданды, мынаны бұзу керек екенін? Сүрілуге кетсе не істейміз? Жыл аяғында пәтерге кіреміз деп үміттенгенбіз.

Ғалымжан Қамзабеков, Астана қаласының тұрғыны:

Егер рұқсат берілмесе, үй қалай салынып жатыр? Бастапқыдан әкімдік те, мемлекеттік мекемелер де көріп жүр ғой! Енді ақшамызды қайтып аламыз ба? Бере ме ол ақшаны, сала ма мына үйді?

“Салынбайды” дейді жауаптылар. Себебі Dublin тұрғын үй кешеніндегі құрылыс ешбір құжатсыз басталып кеткен. Соның кесірінен ғимарат бой көтерейін деп жатқан жердің астынан жылу магистралі өте алмай тұралап тұр. Сондай-ақ, әу баста елорданың бас жоспарында ол жерде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған.

Ернұр Баймұсаев, Астана құрылыс басқармасының бас маманы:

Құрылыс о баста заңсыз басталған болатын. Сол жөнінде бізге сәулет басқармасынан хат тексеру жұмысы бойынша түскен болатын. Соның негізін ала отырып, бізде жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Соттың шешімі шықты ғой. 2 наурызда қанағаттандырылып шықты. Әкімшілік шара қолданған. Жер құжаттарына, жобасмета, авторлық-техникалық қадағалау және құрылыс бастау бойынша хабарлама беру бойынша.

Соттың шешімі бола тұра, G-Park компаниясы Dublin тұрғын үй кешенін салуды тоқтатудың орнына, жандандыра түскен. Ол аздай, құрылыс компаниясы өз бетінше сол жағалауда «Вашингтон» көппәтерлі тұрғын үй кешенін де салып қойған. Қолданыстағы заң талаптары өрескел бұзылған компанияға сот өз есебінен құрылысты бұзуды міндеттеген еді. Ол да ескерусіз қалды.

Азамат Бердібеков,  Астана әділет департаменті басшысының орынбасары:

- Борышкерлер тарапынан сот шешімін орындауға нақты бір шара қолданылып жатқаны туралы бізге түскен жоқ. Сот қаулысы негізінде бүгін әкімшіліктің басқармасымен және сот орындаушының қатысуымен мәжбүрлі түрде орындау шаралары қолданылды.

Қазір Астанада рұқсат құжаты жоқ осындай 90-нан астам тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Яғни жүздеген үлескер не үйіне кіре алмай, не ақшасын ала алмай әлекке түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.