{metadescription}
Петропавлда сепаратизмді насихаттаған үш күдікті қамауға алынды
Петропавлда сепаратизмді насихаттаған үш күдікті қамауға алынды

Петропавлда сепаратизмді насихаттаған үш күдікті қамауға алынды

Петропавлда сепаратизмді насихаттаған үш күдікті қамауға алынды. Мамандандырылған тергеу соты оларды екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын санкциялады.

Күдіктілерге мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіруді насихаттау және сепаратизм әрекеті бойынша ауыр айып тағылған. Енді осы іс бойынша екі ай тергеу жүргізілмек

Бұған дейін өздерін «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» деп атаған топтың әлеуметтік желіде видеосы тараған. Олар Қазақстанды мемлекет ретінде мойындамайтынын және жерінің тұтастығын жоққа шығаратын арнайы декларация қабылданғанын мәлімдеді. Сол 20 адамның үндеуі халықтың наразалығын туығызып, құзырлы орын өкілдері арандатушыларды жауапқа тартуға кіріскен. Әзірге топтың үш белсендісі ғана ұсталып отыр. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе 10 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Ғани Жалби: СҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Тергеу прокуратураның бақылауымен жалғасуда. Қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығы жауапқа тартылатын болады, тиісті заңды шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде