{metadescription}
"Вагнер" сапына өз еркімен қосылған қазақстандық студент …
"Вагнер" сапына өз еркімен қосылған қазақстандық студент …

"Вагнер" сапына өз еркімен қосылған қазақстандық студент …

"Вагнер" сапына өз еркімен қосылған. қазақстандық студенттің осы жеке әскери компаниямен бірге Украинағадағы қақтығыс аймағына аттанғанын бүгін сыртқы істер министрлігі де растады. Ресейдегі дипломаттар жағдайды бақылауға алып, жауапты органдарға сұрау салған.

Мұның алдында Марғұлан Бекеновтің өзінің де мәлімдемесі тараған болатын. Онда петропавлдық жігіт өзін ешкім күштеп әкетпегінін айтқан.

Дүйім елді елең еткізіп, анасы мен жақындарын алаңдатып қойған Марғұлан Бекенов ғаламтор арқылы бейнеүндеу жолдады. 23 жастағы азаматтың сөзінше, оны ешкім ұрлап әкетпеген әрі Ресейдің Вагнер жасағының құрамына өз еркімен барған.

Марғұлан Бекенов:

Бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламторда Томск мемлекеттік университетінің студенті, яғнимені ұрлап кеттідеп жатыр. Бұл алаңдап, мені кез келген жолмен осы жерден алып кеткісі келген анамның таратып жатқан ақпараты болса керек.

- «Вагнер» жасағының құрамына өз еркіммен келіп, арнайы әскери операцияға үлесімді қосайын дедім. Мен өзімді жақсы сезінемін, ұжым тамаша, өзімді таптым. Маған бұл жер ұнады. Психикалық және эмоционалды тұрғыда жағдайым қалыпты. Қайталаймын, мені ешкім ұрлаған жоқ.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар, ақпаратты тексеріп жатқанын жеткізді.

Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Бізде бар мәлімет бойынша, бұл азамат "Вагнер" жеке әскер тобымен ерікті түрде келісімге қол қойған. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұл азаматтың туыстары қайырылған соң, Ресейдің тиісті органдарына сұрау салды. Ақпаратты тексеріп жатырмыз. Консул азаматтың туыстарымен байланыста.

Қорғаныс министрлігінінен Марғұлан Асқарұлы денсаулығына байланысты әскери борышын өтемегенін білдік. Артынша Бекеновтің оқып жатқан Томск мемлекеттік университетіне хабарластық. Сөйтсе оны оқудан шығарып жіберді деген жауап алдық. Университеттің телеграм арнасында Марғұланның танысы тапқан едік. Ол да қысқа ғана жауап қатты.

Валерий:

Туыстары алаңдап біттіау. Оның жағдайы қалыпты. Мен оның танысының танысымын. Ол қарызға батып, амалсыздан әскери операцияға кетті. Бар білерім осы ғана.

Ал Марғұлан мен анасының мекенжайы бойынша Петропавлдағы үйіне барған едік. Көршісі былай деді:

Мен бұл үйде бұрыннан тұрамын. Алайда Бекеновтар отбасын еш көрмедім. Ол үйде өзге ұлттың отбасысы тұрады. Күні кеше учаскелік полиция да келіп, осы жайлы мәнжайды сұраған еді.

Өзін қоярға жер таппай шарқ ұрған анасы шекара асып, бірнеше апта бойы ұлын таба алмай жүр. Соңғы рет ұлын "Вагнер" ұлын 12 сәуірде майданға жібергенін айтқан еді. Адвокаттар бұл жағдайда Марғұланның өз еркімен барғаны дәлелденсе, оған 5-тен 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде