{metadescription}
Ақтауда дәрігерлер жаппай уланған мейрамхананың былығы анықталды
Ақтауда дәрігерлер жаппай уланған мейрамхананың былығы анықталды

Ақтауда дәрігерлер жаппай уланған мейрамхананың былығы анықталды

Ақтауда дәрігерлер жаппай астан уланған мейрамхана тазалық талаптарына сай болмай шықты. Тексеру барысында ондағы 73 түрлі азық-түліктің мерзімі өтіп кеткендігі анықталған.

Санитарлар мейрамхана асханасынан жалпы салмағы 200 келіден астам мерзімі өткен өнімді тәркілепті. Оған қоса тамақтың құрамынан ішек ауруын  қоздыратын таяқшалар анықталған. Сондай-ақ, мейрамхананың 20 қызметкері жалған медициналық құжатпен жұмыс істеген. Ал төртеуінде аталған құжат мүлдем болмаған. Асханада жұмыс істеген жеті қызметкерде стафилококк анықталды. Мамандар зертхана қорытындысын құзырлы органға тапсырған. Енді олар мейрамханаға айыппұл салмақшы.

Бердібек Саралтаев, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Медициналық кітапшалары жалған өткен. Жаңағы “фиктивный” дейміз, 20 қызметкер анықталды. Төрт адамы жалпы тексеруге медициналық кітапшаны таныстырған жоқ. Зертханалық тексеруге алынған анализдер бойынша да сәйкессіздіктер анықталды. Тамақтың құрамынан ішек таяқшаларын тудыратын қоздырғыштар анықталып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.