{metadescription}
Тамызда Алматыда газбен жұмыс істейтін жылу электр орталығы салына бастайды
Тамызда Алматыда газбен жұмыс істейтін жылу электр орталығы салына бастайды

Тамызда Алматыда газбен жұмыс істейтін жылу электр орталығы салына бастайды

Алматыда газбен жұмыс істейтін жылу электр орталығының құрылысы тамыз айында басталады. Екінші энергоорталықтың аумағында салынатын станция құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Оған шамамен 364 миллиард теңге жұмсалуы мүмкін.

Серік Түйтебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

Банктің талабымен біз екі кезең тендер жасап жатырмыз. Біріншісін бітірдік. Станция саламыз деген 6 мекеменің екеуі қалды. Екеуі қазір екінші кезеңге шықты. Олар қазір ақша туралы сөйлеседі. Мамырдың ортасында бітіреміз тендерді. Маусымда келісімшарқа қол қоямыз да, осы жылы құрылыс басталады.

Көгілдір отынмен жанатын жаңа орталықты халықаралық тендердің қорытынды кезеңіне өткен екі қытайлық компанияның біреуі тұрғызады. Қуаты 600 мегаватт болатын бу-газ қондырғысы еуропалық талаптарға сай салынады дейді «Самұрық-Энерго» басшысы. Астанадан арнайы келген басшылар қаладағы үш бірдей жылу энерго орталығының жағдайы мүшкіл екенін жеткізді. Жарты ғасыр бұрын салынған станциялардағы жабдықтың бәрі ескірген.

Жиында тариф мәселесі де сөз болды. Мамандар жылу мен жарықтың бағасын жыл сайын кемі 11 пайызға көтермесек, ауқымды энергетикалық жобалар мен жөндеу жұмысын жүзеге асыру мүмкін емес деп отыр.

Айдар Рысқұлов, «Самұрық-Энерго» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры:

- Көмір, металл мен түрлі жабдық бағасы көтерілді. Тасымалдау құны да өскен. Бұл шығын тарифтен түскен ақшаның тек 30-40 пайызын құрайды. Елдегі станциялар әрең жұмыс істеп тұр. Тариф бағасы көтерілсе, орташа есеппен әрбір тұтынушының қалтасынан айына 300-500 теңге ғана шығады. Бұл көп ақша емес. Сондықтан біз тариф бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде