{metadescription}
Президент сынынан кейін Үкімет басшысы Семейдегі жылу орталығын аралап көрді
Президент сынынан кейін Үкімет басшысы Семейдегі жылу орталығын аралап көрді

Президент сынынан кейін Үкімет басшысы Семейдегі жылу орталығын аралап көрді

Президенттің сынынан кейін премьер келді. Бүгін үкімет басшысы тоз-тозы шыққан Семей өңіріне барды. Әлихан Смайылов жылу орталығын аралап, әбден ескірген қазандықтарды көзімен көрді.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Биыл сіздерге, қазандыққа және орталыққа 1 миллиард бөлінді. Сондайақ, жылыту желілеріне қосымша 3, 5 млрд. теңге бөлінеді. Енді сол қаражатты тиімді пайдаланып, сапалы жұмыстар жүргізіп жаңғырту керек.

Қазір шаһарды жылумен қамтамасыз ететін жалғыз үлкен қазандық бар. Ал, жиырмаға жуық кіші қазандықтар әбден ескірген. Бұл аздай жылу құбырларының 68 пайызы шіріп кетіпті. Соның салдарынан, жұрт жазда ыстық суға, қыста жылуға жарымайды. Ал орталықтан шығатын зиянды қалдықтар қоршаған ортаға кесірін тигізіп жатыр. Осы мәселенің бәрін шешу үшін заманауи жылу электр орталығын салу керек дейді үкімет басшысы. Алайда оның құрлысы қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде