{metadescription}
Риддер әкімі Дмитрий Горьковой мезгілсіз қайтыс болды
Риддер әкімі Дмитрий Горьковой мезгілсіз қайтыс болды

Риддер әкімі Дмитрий Горьковой мезгілсіз қайтыс болды

Қыс бойы жылуға жарымаған тағы бір қала — Риддердің әкімі өмірден озды. 40 жастағы Дмитрий Горьковойдың жүрегі кенеттен тоқтап қалған.

Марқұм еңбек жолын 2007 жылы қаржы полициясы органдарынан бастаған. 2015 жылы Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал үш жыл бұрын Риддер қаласына басшы болып келген еді. Дмитрий Горьковой шағын шаһардағы ең қиын кезеңді басынан өткерген шенеунік. Ол 2021 жылы алапат орман өртімен күрескен болатын. Ал биылғы қыс әкімді әбден шаршатқан сыңайлы. Тозығы жеткен жылу қазандықтарында 60-тан астам апат болып, қыс бойы тұрғындардың тізесі жылымады. Тығырықтан шығу үшін жылу орталығын коммуналдық меншікке өткізуді қолға алған. Алайда әкімнің ел алдындағы бұл уәдесін орындауға ғұмыры жетпеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде