{metadescription}
Мемлекет шошқа шаруашылығын субсидиялауды жалғастыра береді
Мемлекет шошқа шаруашылығын субсидиялауды жалғастыра береді

Мемлекет шошқа шаруашылығын субсидиялауды жалғастыра береді

Шошқа шаруашылығын мемлекет тарапынан субсидиялау жалғаса береді. Өйткені сұраныс бар дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі. Былтыр субсидия көлемі бір басқа 140 мың теңгеден берілсе, биыл бұл соманы 40 мың теңгеге азайтыпты.

Осыған дейін шаруалар шошқа өсіретін фермерлердің қомақты субсидия алып отырғанын айтып шағымданған. Есесіне төрт түлігіміз мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудан жұрдай деген фермерлер еліміздегі 3 млн-нан астам жылқының небары 7 пайызы ғана асыл тұқымды деп наразылығын білдірген. Бүгін Мәжілістің аграрлық комитетінің отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі атап өткендей, мемлекет басшысының тапсырмасымен Адай жылқысы, сондай-ақ қостанайлық азаматтардың сұранысымен, қазақ жылқысын дамыту бойынша арнайы бағдарлама әзірленуде. Алайда жобаның бүгін-ертең жүзеге асатын түрі жоқ. «Қаражат 2024-26 жылдарға қарай қарастырылатын болады», - деді Әбілхайыр Тамабек. 

Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Қолдау бар. Себебі ол импорттық тәуелділік бар енді бізде шошқа етіне. Басқа ұлт өкілдері бар ғой, шошқа етін жейтін. Олардың да қажеттілігі бар. Сол себепті баланс ұстау үшін шошқаға субсидиялау бар. Бірақ та былтырға дейін 140 мың теңге болған. Шошқа субсидиясы соңғы ережеде 100 мың теңгеге түсті. Асылдандыру мақсатында айғырларға 100 мың теңге беріледі. Қазіргі таңда субсидия, одан басқа жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде